Жаңалықтар

«Абуали ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінде «Балалар мен жасөспірімдердегі неврологиялық патология» циклі бойынша біліктілігін арттырды»
 «Абуали ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінде «Балалар мен жасөспірімдердегі неврологиялық патология» циклі бойынша біліктілігін арттырды»
19 May 2025

Педиатрия факультетінің 4-курс студенттері: Штепа Арина, Лопуха Мария, Апачиди Мария, Махметова Дильда, Посудневская Александра академиялық ұтқырлық аясында Абуали ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетіне барып, 2025 жылғы 24 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Балалар мен жасөспірімдердегі неврологиялық патология» циклі бойынша оқудан өтті.

Студенттерге Тәжікстан Республикасының білім беру және денсаулық сақтау жүйесімен танысуға, дәрігерлер мен оқытушылардың білімдері мен тәжірибесін меңгеруге, клиникалық жұмысқа қатысуға және балалар неврологиясындағы медициналық көмектің ұйымдастырылу барысын бақылауға мүмкіндік берілді. Олар пациенттерді тексеруге, клиникалық жағдайларды талқылауға қатысып, неврологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерімен танысты.

Сондай-ақ студенттер «Жас ғалымдар мен студенттердің ХХ ғылыми-практикалық конференциясына» қатысып, Голландиядан келген отбасылық дәрігермен кездесуге қатысты. Бұдан бөлек, ТММУ-дың симуляциялық орталығына экскурсия ұйымдастырылды.

Осы мүмкіндік үшін университетімізге алғысымызды білдіреміз, сондай-ақ ТММУ ұжымы мен оқытушыларына қонақжайлылығы мен жылы қабылдауы үшін алғыс айтамыз.
Рахмонов Рустам Рахматуллоевичке, Исрофилов Максуд Облобердиевичке, және халықаралық бөлім мамандарына ерекше алғысымызды білдіреміз.

448

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026