Жаңалықтар
2024 жылдың 20 қарашасында қоғамдық денсаулық мектебінің «Эпидемиология» модулінің оқытушылары «Қарағанды облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМК қызметкерлерімен, атап айтқанда дәрігер эпидемиолог И.А. Венчикова, дәрігер эпидемиологтың көмекшісі Г.А.Усмановамен білім беру бағдарламалары «Медициналық-профилактикалық іс» 2 курс, «Қоғамдық денсаулық» 3 курс және «Жалпы медицина» 5 курс студенттері арасында «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында тренинг өткізілді.
Оқыту АИТВ/ЖИТС-пен күресу және алдын алу бойынша білім беру, біліктілік, дағдыларды меңгеру, сонымен қатар әлеуметтік көзқарастарды дамытуға бағытталған оқытудың белсенді әдістерінің бірі болып табылады. Бұл іс-шара жаңа дағдыларды меңгеруге немесе дағдылануға, психологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге, іскерлік таныстықтың жаңа бағыттарын құруға бағытталған.
Тренингте Қазақстан Республикасындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы сұрақтар, аурудың пайда болу және таралу себептері, қоздырғыштың берілу көздері, жолдары мен механизмдері, сондай-ақ осы инфекцияның алдын алу шаралары мәселелері қарастырылды.
АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша студенттер арасында презентация мен бейнеролик көрсетіліп, әңгіме және іскерлік ойындар өткізілді. Ойындардың мақсаты – тренингке қатысушыларды қалыптасқан жағдайға жылдам әрекет етуге, дер кезінде шешімдерді табуға және пікір алмасуға ынталандыру болды.
Студенттер белсенді қатысып, әртүрлі сұрақтар қойып, оларға жан-жақты жауаптар алды. Бұл өте позитивті, қызықты, көңілді болды және тәрбиелік мәні бар. Студенттер дайындалған материалды игеріп, АИТВ инфекциясы туралы білімдерін тереңдете білді. АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында барлық қатысушыларға брошюралар, блокноттар, дәптер және басқа да сыйлықтар таратылды.
«Эпидемиология» модулі Қоғамдық денсаулық мектебі