Жаңалықтар

АИТВ бақылауда: әркім білуі тиіс маңызды мәліметтер
АИТВ бақылауда: әркім білуі тиіс маңызды мәліметтер
19 November 2025
2025 жылдың 18 қарашасында Қоғамдық денсаулық мектебінің «Эпидемиология» модулі оқытушылары «Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» ҚМК қызметкерлерімен, оның ішінде дәрігер-эпидемиолог И.А. Венчиковамен бірлесіп, «АИТВ бақылауда: әркім білуі тиіс маңызды мәліметтер» тақырыбында тренинг өткізді. Іс-шараға «Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасының 2-001, 2-002 және 4-002 топ, сондай-ақ «Педиатрия» білім беру бағдарламасының 3-013 және 3-014 топ студенттері қатысты.
ЖИТС-пен күресудің Дүниежүзілік күні жыл сайын АИТВ туралы сенімді ақпаратқа ие болудың маңыздылығын еске салады. Медицина дамып, емдеу қолжетімді болғанына қарамастан, халықтың хабардарлығының жеткіліксіздігі өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр. Сондық-тан профилактикалық шаралар АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмауда маңызды рөл атқарады.



Тренинг - АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуға және оның таралуын азайтуға бағытталған кәсіби дағдыларды, практикалық қабілеттерді және әлеуметтік көзқарастарды қалыптастыруға арналған белсенді оқыту түрі. Іс-шара жаңа дағдыларды меңгеруге, психологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге, сондай-ақ кәсіби байланыстарды нығайтуға бағытталды.
Тренинг барысында Қазақстан Республикасындағы АИТВ-инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы, сырқаттанушылықтың тәсілдері қарастырылды. Қатысушыларға презентация көрсетіліп, бейнематериал ұсынылды, сонымен қатар жағдайлық және рөлдік ойындар өткізіліп, олардың талдау жасау және жедел шешім қабылдау дағдылары дамытылды.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алды. Іс-шараның жалпы атмосферасы мазмұнды, қызықты әрі қатысушылардың белсенділігіне ықпал етті. Олар алған білімдерін жүйелеп, АИТВ мәселесі бойынша түсініктерін кеңейтті. Алдын алу мақсатында қатысушыларға ақпараттық буклеттер, кеңсе тауарлары және естелік сыйлықтар таратылды.
Қорытындылай келе, АИТВ-ның алдын алу қарапайым әрі тиімді ережелерге негізделеді: қорғану құралдарын пайдалану, қауіп төндіретін мінез-құлықтан бас тарту және тұрақты түрде тестілеуден өту. Осы ережелерді білу жұқтыру қаупін айтарлықтай төмендетуге және денсаулықты сақтауға көмектеседі. Өзіңе және жақындарыңа жауапкершілікпен қарау — вирустың таралуының алдын алудың ең жақсы тәсілі.
Қоғамдық денсаулық мектебінің «Эпидемиология» модулі
774

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026