Жаңалықтар

«Абай оқулары» аймақтық байқауы
«Абай оқулары» аймақтық байқауы
25 November 2025
2025 жылдың 21 қарашасында Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Филология факультеті, Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай оқулары» атты аймақтық байқау өтті. Байқауға ЖОО мен колледж студенттері қатысты.
Байқауға Қарағанды медицина университеті Тілдерді дамыту орталығының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к., А.Б. Аширбекова мен ассистент-профессор, п.ғ.маг., Г.Е. Оспановалардың жетекшілігімен Биомедицина білім беру бағдарламасының (1-011топ) 1 курс студенттері Поддубова Диана Сергеевна, Мирзаева Нурана Аслановналар қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, ақын өмірі мен шығармашылығына құрылған викториналық сұрақтарға мүдірмей жауап беріп ІІ және ІІІ орындарды межеледі.
Аймақтық байқаудан жүлдемен оралған студенттерімізді құттықтаймыз.


349

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026