Жаңалықтар

АҚ бірге «Балалардың қауіпсіз денсаулық, даму және сапалы білім алу құқықтары үшін» тақырыбында жоғары оқу орындары арасында онлайн-форум өткізді.
АҚ бірге «Балалардың қауіпсіз денсаулық, даму және сапалы білім алу құқықтары үшін» тақырыбында жоғары оқу орындары арасында онлайн-форум өткізді.
26 November 2024
2024 жылдың 25 қарашасында КеАҚ «Қарағанды  медицина университетінің» педиатрия және неонатология кафедрасы стратегиялық серіктесі «ҚР ДС педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» 2024 ж. АҚ бірге «Балалардың қауіпсіз денсаулық, даму және сапалы білім алу құқықтары үшін» тақырыбында жоғары оқу орындары арасында онлайн-форум өткізді. Бұл іс-шара Бала құқықтары туралы Конвенцияның 35 жылдығы және оның Қазақстан Республикасы тарапынан ратификацияланғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Форумға Қазақстанның жетекші профессор педиатрлары, балалар хирургтері, ҚР жоғары оқу орындарының оқытушылары, тәжірибелі дәрігерлер, балалар және неонатология саласындағы штаттан тыс мамандар, резиденттер мен студенттерден тұратын шамамен 70 адам қатысты.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың» профессор Н.А.Барлыбаев атындағы балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі Тәшенова Г.Т. балалар денсаулығын сақтау саласындағы денсаулық сақтау алдына қойылған міндеттердің маңыздылығын атап өтті. Ол балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсету кезінде ДДҰ технологияларын қолданудың арқасында денсаулық көрсеткіштерінің оң динамикасына қол жеткізілгенін айтты. 
Педиатрия және неонатология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Түкбекова Б.Т. форум қатысушыларына Балалар құқықтары туралы конвенция 1989 жылдың 26 қаңтарында БҰҰ тарапынан қабылданып, біздің елімізде 1990 жылдың 15 қыркүйегінде күшіне енгенін еске салды. 


 ИВБДВ және УПМП мәселелері бойынша оқытудың барлық деңгейлерінде білім беру құрамдас бөлігін одан әрі күшейту қажеттілігіне назар аударылды. 
Неонатальды хирургия: Руслан Билал (Nazarbayev University) туа біткен даму кемістіктерін анықтау кезіндегі көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті. 
Даму және ерте араласу орталықтарының маманы П.Н.  Слугина отбасын жан-жақты қолдауға бағытталған педиатриялық көмектің  жаңарған стандартынан  хабардар етті. Сондай-ақ инклюзивті білім беру, инфекциялардың алдын алу үшін қол гигиенасы, балалар жарақаты және паллиативтік көмек тақырыптары қозғалды. Спикерлер балалардың денсаулығын қорғауға пәнаралық көзқарастың қажеттілігін атап өтті.
Форум өзекті мәселелерді талқылау және педиатрия мен неонатология саласындағы мамандардың өзара іс-қимылын нығайту үшін маңызды алаңға айналды.
2002

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026