Жаңалықтар
Әдетте кітапханада тыныштық және жұмыс атмосферасы болатынын бәрі біледі, бірақ бұл күні кітапхана өзгерді. Бұл жерде «Кітапхана түні» келушілерге қатты сөйлесуге, ойнауға және күлуге ерекше мүмкіндік берді. Кітапханашылар жиналғандар арасында жарқын мерекелік көңіл-күй тудыруға тырысты, кітапхана ғимаратын безендірді, өздерінің қиялдары мен шеберліктерін көрсетті. Келушілерге кітап пен кітап оқудың маңызы туралы суреттер, сондай-ақ кез келген адам өз тілектерін ағашқа жазып, қалдыра алатын «Тілек ағашы» ұсынылды.
Кітапханашылар шағын театрландырылған қойылым көрсетті, оған 1 курс студенті Асанова Сусана қатысты. Көрермендер алдында «Кітаптарды сақтаушы мен тілге келген кітаптар» пайда болды: бірі - жаңа, таза және әдемі, екіншісі - пайдалы және маңызды, бірақ жиі пайдаланудан ескірген, үшіншісі - электронды кітап. Олардың әрқайсысы өздерінің даусыз еңбегін мақтан етті.
«Кітапхана түніне» келушілер «Қарақшылар үңгірі» атты қызықты құпия квестіне қатысып, әдетте оқырмандар кіре алмайтын жерлерде түрлі сынақтардан өтті.