Жаңалықтар

2024 жылғы 17 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Педиатрия» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері академиялық ұтқырлық аясында Баку қаласындағы Әзербайжан медициналық университетінде тәжірибеден өтті
2024 жылғы 17 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Педиатрия» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері  академиялық ұтқырлық аясында Баку қаласындағы Әзербайжан медициналық университетінде тәжірибеден өтті
22 May 2025

 2024 жылғы 17 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Педиатрия» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Қарекен Зере мен Тоқтамысова Аружан академиялық ұтқырлық аясында Баку қаласындағы Әзербайжан медициналық университетінде тәжірибеден өтті.

«Балалар ауруларын хирургияда дифференциалды диагностикалау және емдеу» циклі аясында студенттер амбулаториялық қабылдауларға белсенді қатысып, балалардағы хирургиялық патологияларды диагностикалаудың заманауи әдістерін меңгеріп, Әзербайжанның жетекші мамандарынан құнды клиникалық тәжірибе жинады.

Практикалық бөлімге ерекше мән берілді. Хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор Джамалов Фариздің жетекшілігімен студенттер бірқатар күрделі операцияларға қатысып, көмек көрсетті. Атап айтқанда: іш қуысы ісіктерін алып тастау, іш қабырғасы жарығы кезінде герниопластика, нәжістік перитонит, сүт безі аурулары, ішек өтімсіздігі (безоар, жабысқақ ауру және т.б.) кезінде жасалатын араласуларға қатысты.

Сонымен қатар, Аружан мен Зере Әзербайжан медициналық университетінің 95 жылдығына арналған ғылыми конференцияға қатысып, бұл олардың кәсіби дамуына үлкен үлес қосып, академиялық алмасу алаңына айналды.

Академиялық ұтқырлық — бұл тек оқыту ғана емес, сонымен қатар халықаралық клиникалық ортаға ену, кәсіби көкжиектерді кеңейту және білікті дәрігер болуға бағытталған сенімді қадам.

Кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергені үшін ҚМУ мен ӘМУ-ге шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

 

 

765

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026