Жаңалықтар
2025 АЕҚ «Қарағанды медицина университеті», АЕҚ «Астана медицина университеті» және «Оңтүстік-Қазақстан медицина академиясы» «Отбасылық медицина» кафедраларының интерндері арасында: «2 типтегі қантты диабет, жаһандық мәселе: заманауи диагностика тәсілдері мен емі» тақырыбында пікірталас клубы өтті.
Пікірталас клубына 6-002 топ интерндері Жұман Аяулым мен Нұрым Әйгерім «2 типтегі қантты диабеттің алдын алуда инновациялық технологиялар және оны басқару жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама жетекшісі «Отбасылық медицина» кафедрасының ассисстент-профессоры Батырбекова Лазат Сарсенбаевна. Пікірталас барысында қантты диабеттің алдын алуына қатысты барлық сұрақтар талқыланды. Сондай-ақ, преддиабет қандағы қант көлемін науқастардың өмір сапасын түсірмей бақылау жолдары берілді. Қантты диабеттің болуы мүмкін асқыныстарының алдын алу шаралары да қарастырылды. Біздің мақсатымыз, интерндерді медицинадағы ғылыми зерттеулерге қызықтыру.