Жаңалықтар

Құрметті 2025 жылғы 1-курс студенттері!
Құрметті 2025 жылғы 1-курс студенттері!
30 August 2025
Құрметті 2025 жылғы 1-курс студенттері!

Жаңа оқу жылы жақындап қалды. Қазір сізде көптеген сұрақтар туындауы мүмкін екенін түсінеміз. Уайымдамаңыздар — бәрі жақсы болады!

Сіздерді 1 курс студенттеріне арналған бағдарлау апталығына келесі білім беру бағдарламалары бойынша шақырамыз: «Медицина», «Медицина» (БББ), «Педиатрия», «Медицина» (қысқартылған оқу форматы).

Медицина мектебі бағдарлау апталығы аясында сіздерді университет өміріне бейімделуге көмектесетін таныстыру кездесуіне шақырады. Бұл кездесуде сіз:
• Оқу процесінің қалай ұйымдастырылғанын білесіз;
• Білім беру платформалары мен сабақ кестесін қолдануды үйренесіз;
• Студенттік өмір мен мүмкіндіктер туралы білесіз;
• Қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап аласыз.

Өтетін орны: Акт залы, Гоголь көшесі, 40

Кездесу кестесі:
• 2025 ж. 2 қыркүйек, сағат 11:00 — «Медицина» ББ (мемлекеттік тілде білім алушылар үшін);
• 2025 ж. 3 қыркүйек, сағат 11:00 — «Медицина» ББ (орыс тілінде білім алушылар үшін);
• 2025 ж. 3 қыркүйек, сағат 12:00 — «Медицина» БББ (Қазан) және қысқартылған оқу формасы;
• 2025 ж. 4 қыркүйек, сағат 11:00 — «Педиатрия» ББ (мемлекеттік тілде білім алушылар үшін);
• 2025 ж. 4 қыркүйек, сағат 12:00 — «Педиатрия» ББ (орыс тілінде білім алушылар үшін).

Назар аударыңыз!
Кездесуге қатысу үшін келесі киім үлгісін сақтау қажет:
• Ақ медициналық халат
• Медициналық қалпақ
2025–2026 оқу жылында сәтті бастау тілейміз!

Медицина мектебі деканы Б.К. Омаркулов
18182

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026