Жаңалықтар
2025 жылғы 26–28 қараша аралығында медициналық кадрларды даярлаудағы инновациялар, цифрлық оқыту технологиялары және болашақ медицина кадрларын даярлауға арналған Ресейдегі медициналық білім беру саласындағы ең ауқымды іс-шаралардың бірі - «РОСМЕДОБР» IV Халықаралық конгресі өтті. Конгресс медициналық білім беру саласының оқытушыларын, білім беру ұйымдарының басшыларын және жетекші сарапшыларын біріктіреді. Қатысушыларға 40-тан астам тақырыптық сессия ұсынылды, оның ішінде мастер-класстар, ғылыми пікірталастар және жаңа білім беру шешімдерінің презентациялары болды.

Университетімізді Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының директоры Г.С.Кемелова, ішкі аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры И.В. Механцева және профессор-ассистент Ю.А. Хохлова өз баяндамаларымен таныстырды. Спикерлер ғылыми-білім беру жобаларының нәтижелерін ұсынып, білім берудің инновациялық әдістерін енгізу тәжірибесімен келесі тақырыптарда бөлісті: «Заманауи оқытушы: инновациялық оқытудың құзыреттері мен құралдары», «Бакалавриат пен интернатурадағы клиникалық оқытудың тиімділігін бағалау: CCTEI сауалнамасының нәтижелері», «Жалпы медицина мамандығының 4-курс студенттерінде терапиялық пәндерді оқыту барысында симуляциялық пациентті қолданудың тиімділігін бағалау».

Оқытушыларымыздың мұндай ауқымды форумға қатысуы халықаралық байланыстарды нығайтып қана қоймай, Қазақстандағы медициналық білім берудің жоғары деңгейін көрсетеді. Олардың баяндамалары әріптестер тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, болашақ дәрігерлерді даярлауда заманауи білім беру тәсілдерінің өзектілігін айқындады.