Жаңалықтар
«ҚМУ» КеАҚ мейіргерлік білім беру мектебінің магистранты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда III орын алды
2025 жылғы 15 мамырда Астана қаласында Халықаралық отбасылық дәрігер күніне орай «Дәлелді медицина тұрғысынан терапияның өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық қатысумен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ мейіргерлік білім беру мектебінің «Мейіргерлік іс» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Васютина Вера Александровна қатысты. Ғылыми сессия аясында Вера Александровна «Мейіргерлердің қарым-қатынас дағдыларының ата-аналардың вакцинация және олардың иммундауға бейімділігі туралы хабардар болу аспектілеріндегі рөлі: сандық зерттеу нәтижелері» тақырыбында ауызша баяндама жасады. Ғылыми жұмыстар конкурсының қорытындысы бойынша оның сөз сөйлеуі III дәрежелі дипломға ие болды.
Магистранттардың республикалық деңгейдегі ғылыми іс-шараларға қатысуы зерттеу дағдыларын, кәсіби құзыреттілікті дамытуға және жаңа буын мейіргерлік ісі мамандары арасында ғылыми мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.