Жаңалықтар
«ҚМУ-де медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі тойланды»
Медицина күні - бұл құрмет пен қызмет күні. Бұл адал еңбек пен жанашырлық мерекесі. Бұл жан жақты қамқорлық пен кәсібилік күні. Бұл өмірге жан бітіретін күн
Мереке университетіміздің 75 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп, шараға ерекше салтанат берді. Концерттік бағдарлама жиналған қызметкерлерге, оқытушыларға, дәрігерлерге және студенттерге жылы лебіз сөздермен басталды.
ҚМУ ректоры мінедетін атқарышуы Виктор Петрович Риклефс медицина қауымдастығына адал еңбегі, жоғары кәсіби мәдениеті және денсаулық сақтау мен медициналық білімнің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.
Дәстүр бойынша, осы күні кәсіби және ғылыми қызметте өзін көрсете білген қызметкерлерге марапаттар мен Алғыс хаттар табысталды. Марапаттар қатарында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медальдары мен құрмет белгілері болды:
-«Еңбек ардагері»
-«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі»
-«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»
-Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар
Сонымен қатар, Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді. Ректордың бұйрығымен кәсіби мерекеге орай 165 университет қызметкеріне алғыс білдірілгенін атап өткен жөн.
Конкурстың қорытындысы бойынша келесі номинацияларда дипломдар табыс етілді: ең үздік сәулелік диагностика дәрігері, үздік медициналық мейірбике. Резидентура түлектерін марапаттау рәсімі өтті.
Білім алуда, ғылыми жұмыста және университет өмірінде белсенділік танытқан резидентура бағдарламаларының түлектеріне аударылды. Университетті ұлттық және халықаралық жарыстар мен конгрестерде таныстырған командалар да ерекше атап өтілді.
Мерекелік көңіл-күйді қатысушыларға университет түлектерінің әндері, «Қаракөз» этно-балетінің шығыс билері және студенттердің лирикалық композициялары сыйлады.
«Медицина - бұл жай мамандық емес. Бұл - миссия, өмір салты және жоғары парыз. Біз ақ халатты абзал жандарды мақтан тұтамыз, олардың әрқайсысы жанын сала жұмыс істейді», - деп атап өтті шара ұйымдастырушылары.
Марапаттау рәсімінің фотосуреттерін осы сілтемеден жүктей аласыз: disk.yandex.ru