Жаңалықтар

«Қазақстанның тыныс алу медицинасы: болашақ тынысы»
«Қазақстанның тыныс алу медицинасы: болашақ тынысы»
20 November 2025
2025 жылғы 13–15 қараша аралығында Астана қаласында халықаралық қатысумен өткен «Қазақстанның тыныс алу медицинасы: болашақ тынысы» атты IV Ұлттық тыныс алу медицинасы конгресі өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Беларусь, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерінің жетекші мамандары қатысып, конгресс тыныс алу медицинасындағы заманауи жетістіктерді талқылауға, ғылыми деректермен алмасуға және клиникалық тәжірибені жетілдіруге арналған маңызды кәсіби алаң болды.
Конгресс барысында Қарағанды медицина университетінің өкілдері ғылыми баяндамалар ұсынды. Ішкі аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Л.К. Ибраева «Қарағанды облысында интерстициалды өкпе ауруларын диагностикалау және емдеу» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ ішкі аурулар кафедрасының ассоциирленген профессор И.В. Бачева «ӨСОА бар науқастарда пульмо-кардио-рена́лды континуум дамуының фенотиптік ерекшеліктері» атты ғылыми баяндамасын ұсынды.
Сонымен қатар, Л.К. Ибраева бірқатар негізгі ғылыми секциялардың модераторы ретінде жұмыс істеді. Атап айтқанда: «Интерстициалды өкпе ауруларының әртүрлі қырлары» симпозиумын, постерлік баяндамалар байқауын және жас ғалымдар байқауын жүргізді.



Жас ғалымдар байқауына қатысқан «Медицина» мамандығының докторанттары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Байқау қорытындысы бойынша: - 1-орын - М.К. Аубакирова (3 оқу жылы); - 2-орын – А.С. Жанабаева (1 оқу жылы) және Д.А. Жумагалиева (2 оқу жылы); - ынталандыру сыйлығы – М.Б. Сәдібекова (2 оқу жылы).
«Пульмонология (ересектер, балалар)» мамандығының резиденттері де іс-шараның ұйымдастырушылық және ғылыми іс-әрекетіне маңызды үлес қосты. Г.Н. Армакаева білім беру бағдарламасының жетекшісімен, клиникалық тәлімгерлермен, резидентура түлектерімен және қазіргі резиденттермен жасалған бейнесұхбаттарды дайындауға және ұйымдастыруға қатысты. А.Р. Шарифуллина PulmoNews ақпараттық жобасының сарапшысы ретінде сөз сөйледі.
Пульмонология резиденттері А.Б. Сексенбаева, Д.С. Бекенова және И.В. Сорокин ұсынған ұжымдық постерлік жұмыс байқауда үшінші орынға ие болды.
Қарағанды медицина университеті профессор құрамы, докторанттары мен резиденттерінің конгреске белсенді қатысуы олардың жоғары кәсіби даярлығын және ұлттық әрі халықаралық деңгейде тыныс алу медицинасын дамытуға деген берік ұмтылыстарын айқын көрсетті.




549

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026