Жаңалықтар
ДДСҰ жыл сайын 16–22 қараша аралығында Антибиотиктерді ұтымды пайдалану жөніндегі дүниежүзілік аптаны өткізеді. Оның мақсаты – антимикробтық резистенттік мәселесіне жаһандық назар аудару және микробтарға қарсы препараттарды ұтымды қолдануды нығайту. Осы кезеңде Қарағанды медицина университетінде бірқатар ғылыми, білім беру және ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылды. Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының қызметкерлері бұл жұмысқа белсенді қатысып, ғылыми баяндамалар ұсынды, оқу семинарлары мен студенттермен кездесулер өткізілді.
Кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Шолпан Сабатаевна Калиева – ДДСҰ-ның AWaRe жүйесі бойынша Техникалық консультативтік тобының сарапшысы және ҚР Клиникалық фармакологтар мен фармацевтер қауымдастығының Вице-президенті – 2025 жылдың 20 қарашасында Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде өткен «Денсаулық сақтау жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін антимикробтық препараттарға тұрақтылық саласындағы зерттеулер мен саясатты дамыту» атты халықаралық конференцияда модератор ретінде сөз сөйледі. «АМР саласындағы ғылымның дамуына жас зерттеушілердің қосқан үлесі» секциясында кафедра магистранты Бикбатырова Юлия Юрьевна баяндамамен сөз сөйледі.
Калиева Ш.С. сонымен қатар 2025 жылғы 20–21 қарашада Абу Али ибн Сина атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты базасында өткен «Фармакологияның өзекті мәселелері: дәрілік препараттарды жасаудан бастап оларды ұтымды қолдануға дейін» атты VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда және «Клиникалық фармакологияның қазіргі жағдайы және даму перспективалары» атты VII Орталық Азия конгресінде ғылыми баяндамасын ұсынды.
Симохина Н.А. «Антибиотиктерді тиімді басқару: зерттеуден енгізуге дейін» атты халықаралық қатысумен өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасады. Конференцияны «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің фармакология және клиникалық фармакология кафедрасы және Клиникалық фармакологтар мен фармацевтер кәсіби қауымдастығы ұйымдастырды.
Апта аясында кафедра қызметкерлері медициналық қызметкерлер үшін тәжірибелік семинарлар өткізді. ЕГКАҰО мен студенттік емхананың мамандары үшін кездесуді кафедраның қауымдастырылған профессоры, медицина ғылымдарының докторы Дюсембаева Наиля Камашевнa жүргізді. Кездесу барысында ҚР ДСМ клиникалық хаттамаларын сақтау, микробиологиялық мониторингтің маңыздылығы, антибактериалды терапияның дозалары мен ұзақтығын бақылау, инфекциялық бақылау шаралары және микроорганизмдердің тұрақтылығын алдын алуда сектораралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
19 қарашада Университет клиникасында ГФБ резидент-дәрігері Шараева С.С. әріптестеріне антибиотикке төзімділіктің қалыптасу механизмдері, ДДСҰ деректері және антибактериалды препараттарды ұтымды қолдану бойынша қазіргі заманғы ұсынымдар жөнінде негізгі ақпаратты таныстырған оқу семинарын өткізді.
Ассистент-профессор Сагадатова Т.К. Облыстық балалар клиникалық ауруханасының қызметкерлерімен семинар өткізіп, онда да антибактериалды препараттарды ұтымды қолдану, клиникалық хаттамаларды сақтау және инфекциялық бақылау сапасын арттырудың қажеттілігі талқыланды.
Сонымен қатар кафедра қызметкерлері – Пивень Л.И., Ким Т.В., Николаева Т.Л., Сыздикова Ж.В., Сабекова О.Ж., Симохина Н.А., Бикбатырова Ю.Ю., Ахмедия Р.Е., Аят Ж.Б., Сагадатова Т.К., Тусенова М.Т., Салибекова Ч.З. – студенттермен ақпараттық әңгімелесулер өткізді. Әңгімелесулер антибиотикке төзімділік мәселесі туралы хабардарлықты арттыруға және бактерияға қарсы дәрілерді жауапты қолданудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталды. Әңгімелесулерге «Медицина», «Жалпы медицина», «Педиатрия», «Фармация» мамандықтарының студенттері, сондай-ақ Халықаралық медицина факультеттің студенттері қатысты.