Жаңалықтар

Жаңа серіктестік
Жаңа серіктестік
11 September 2024

Жаңа серіктестік

2024 жылдың 11 қыркүйегінде  Қарағанды медицина университеті өз қабырғасында «Ярослав Мудрый атындағы Новгород мемлекеттік университеті» ФМБЖБМ ректоры Юрий Сергеевич Боровиковты қабылдады.

Сапар барысында ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Кездесудің қорытындысы Денсаулық сақтау, академиялық алмасу, ғылыми зерттеулер және екі жоғары оқу орны арасындағы мәдени бастамалар сияқты негізгі салалардағы әріптестікті нығайтатын меморандумға қол қою болды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында университеттерді интернационалдандырудың маңыздылығы туралы ерекше атап өтті.

Интернационалдандыру бағдарламасы аясында біздің университет шетелдік жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруда. Биыл Қытай, Гонконг, Түркия және Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы жаңа меморандумдар жасалды, Қазан мемлекеттік медицина университетінің филиалын ашу, академиялық ұтқырлық бағдарламасын одан әрі кеңейту, әлемнің жетекші университеттерімен бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарлануда. Бұл білім беру сапасын арттырады, ғылымды жаңа деңгейге шығарады және әлемдік стандарттар бойынша мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Университет нақты кәсіби өсуге ықпал ету үшін халықаралық тағылымдама бағдарламаларын оңтайландыруды жалғастыруда. Жыл сайын 5-10 оқытушы «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалар бағдарламасына қатыса отырып, өздерінің кәсіби құзыреттерін арттырады. Барлық тағылымдамалар практикалық тәжірибе алуға және ғылыми және өндірістік орталықтармен байланысты нығайтуға бағытталған.

Осылайша, Қарағанды медицина университеті білім беру сапасын арттыруға, нақты сектормен байланысты нығайтуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға және білім беруді интернационалдандыруды дамытуға шоғырлана отырып, Президент Жолдауында белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге белсенді қатысады.

 

 

457

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.04.2026
Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026