Жаңалықтар

Қазақстанның ғылым қызметкерлері күніне арналған жас ғалымдардың «Медицина ғылымы мен білім берудегі инновациялық тәсілдер» ғылыми-практикалық конференциясы, 2026 жыл
Қазақстанның ғылым қызметкерлері күніне арналған жас ғалымдардың «Медицина ғылымы мен білім берудегі инновациялық тәсілдер» ғылыми-практикалық конференциясы, 2026 жыл
21 April 2026

2026 жылғы 17 сәуірде «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-да Қазақстанның ғылым қызметкерлері күніне арналған жас ғалымдардың жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция «Медицинадағы көпсалалы тәсілдер: клиникалық тәжірибе, ғылым және білім берудегі интеграция» халықаралық ғылыми-практикалық Конгресі аясында ұйымдастырылды. Жас ғалымдар конференциясы жас зерттеушілер мен білім алушыларды қолдауға бағытталған және өздерінің ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынуға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ қазіргі заманғы медицина мен биологияның өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаң ұсынды.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының медициналық жоғары оқу орындарының 120-дан астам жас ғалымы қатысты.



Конференция аясында пленарлық отырыс және 6 секция өткізілді: «Клиникалық медицина», «Биомедицина», «Профилактикалық медицина», «Жас ғалымдар», «Постерлік баяндамалар», «E-постерлер».

Пленарлық отырыста «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-ның ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Д.А. Клюев, Назарбаев Университеті School of Sciences and Humanities ассистент профессоры, McMaster University ғылыми қызметкері С.В. Егоров, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры В.П. Риклефс баяндамалар жасады. Баяндамаларда медициналық ғылым мен білім беру саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелері және медицинадағы ғылыми зерттеулердің маңызы қарастырылды.

Секциялар аясында жас ғалымдар 68 баяндама, 21 постерлік баяндама және 45 e-poster ұсынды. Қатысушылар клиникалық медицина, биомедицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Барлық секциялар жұмысы конструктивті және жемісті өтті, баяндамалар белсенді талқыланды.

 

Конференцияның жабылу салтанатында әр секция бойынша үздік баяндамалар конкурсының қорытындысы шығарылды:

 

«Клиникалық медицина» секциясы:

 I дәрежелі диплом – Ескермесов Дәурен Бахтиярұлы

II дәрежелі диплом – Кимиль Айдан Даулетович

III дәрежелі диплом – Рахимбаева Аружан Нуржановна

 

«Биомедициналық зерттеулер» секциясы:

 I дәрежелі диплом – Хрусталева Анастасия Андреевна

II дәрежелі диплом – Серікберлі Гүлжан Нұрдосқызы

III дәрежелі диплом – Жетписбаева Дарига Нуркасымовна

 

«Профилактикалық медицина» секциясы:

 I дәрежелі диплом – Сабит Аида Бауыржанқызы, Сартбасова Ұлжан Бейсенбайқызы

II дәрежелі диплом – Султанбекова Айжан Ардаковна

III дәрежелі диплом – Амантаева Аяулым Медетовна

 

«Жас ғалымдар» секциясы:

 I дәрежелі диплом – Альжанова Назира Руслановна

II дәрежелі диплом – Есенгалиева Эльмира

III дәрежелі диплом – Сания Хан (Saniya Khan)

 

«Постерлік баяндамалар» секциясы:

 I дәрежелі диплом – Болат Жанерке Мирамғалиқызы

II дәрежелі диплом – Туребекова Динара Мейрамовна

III дәрежелі диплом – Тоқтасынов Қайсар Қобландыұлы

 

Жеңімпаздарға дипломдар және «Медицина және экология» журналына 2026 жылдың соңына дейін 1 мақаланы тегін жариялау сертификаттары табысталды. Сондай-ақ, 2 және 3 орын иегерлері де естелік сыйлықтар алды. Барлық қатысушыларға конференция қатысушысының сертификаты берілді.

 Конференцияның ұйымдастыру комитеті өз белсенді қатысуымен іс-шара жұмысына үлес қосқан қонақтарға алғыс білдіреді.


20

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.04.2026
Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026