Жаңалықтар
Үздік Start-Up жобалар мен конференциядағы баяндамалар
21 October 2024
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 45 жылдығына арналған ІІ Халықаралық жас ғалымдар мен студенттер форумы аясында 2024 жылдың 16-18 қазан аралығында Шымкент қаласында «Стартап» жобалар байқауы және «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» атты студенттер мен жас ғалымдардың XI-ші халықаралық ғылыми конференциясы өтті. .png)
Форумға әртүрлі елдердің медициналық және фармацевтикалық университеттерінің студенттері мен жас ғалымдары қатысты: Қазақстан (ҚМУ, АМУ, СМУ, ОҚМА, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, М.Оспанов атындағы БҚМУ, Х.А.Ясауи атындағы ХҚТУ), Өзбекстан (ТашФармИ, А.А.Ибн Сино атындағы БММИ, Альфраганус университеті), Қырғыз Республикасы (И.К.Ахунбаев атындағы ҚММА), Тәжікстан (А. Ибн Сино атындағы ТММУ), Ресей (И.М.Сеченов атындағы Тұңғыш МММУ, А.П.Нелюбин атындағы ЛММУ, КММУ) және Үндістан (Фармация колледжі) және т.б.
.png)
Стартап жобалар байқауының қорытындысы бойынша 11 қатысқан жобалар ішінен тек біздің екі жоба үздік атанып, 500 мың теңгені құрайтын жалпы жүлде қорынан әр командамыз 250 мың теңгеден бағалы сыйлықтарды жеңіп алды.
«PHYTO-SOAP» жобасын Фармация мектебінің «ФӨТ» мамандығының 4 курс студенттері таныстырды: Рзагалиева А.К., Бекнияз Л.Ш., Тоқсанбай Ж.А. Ғылыми жетекшісі: PhD, Фармация мектебінің қауымдастырылған профессоры Тулебаев Е.А. Жобаның мақсаты: бактерияға қарсы әсері және кәдімгі бөртегүл (сирень) хош иісі бар қолдан жасалған сабын жасау.
«MARMELO-SWEET» жобасын Фармация мектебінің «ФӨТ» мамандығының 4 курс студенттері таныстырды: Сейтова З.М., Айтжанова Б.Ш., Әнуарбек А.Б., Мұсабек С.Н., Әбдіғалым А.Қ. Ғылыми жетекшісі: PhD, Фармация мектебінің қауымдастырылған профессоры Абдрахманова Г.М. Жобаның мақсаты: ырғай, қарлыған жемістері және қарағай шыршаларынан мармелад түріндегі биологиялық белсенді қоспаларды, сондай-ақ түймедақ сығындысы және лимон мен бал дәмі бар бактерияға қарсы пастилкаларды жасау.
Байқау комиссиясының мүшелері біздің фармацевтикалық өнімдеріміздің функционалдығын және оларды коммерцияландыру перспективаларын жоғары бағалады.
Конференцияда «Фармацевтикалық технология және фармакогнозия – зерттеудің жаңа перспективалары» секциясындағы баяндамалар арасында «ФӨТ» мамандығының 4 курс студенттері Тлеулес Д.Ө., Мұсабек С.Н., Әбдіғалым А.Қ. «Өсімдік сығындылары негізінде қабынуға қарсы және антисептикалық пастилкалардың технологиясын жасау» тақырыбындағы баяндамасымен ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды. Ғылыми жетекшісі: PhD, Фармация мектебінің қауымдастырылған профессоры Абдрахманова Г.М.
Бұл ауқымды іс-шара Қазақстанның ғылыми қоғамдастығы мен медициналық қоғам үшін, сондай-ақ алыс және жақын шетелдердің серіктес университеттері үшін маңызды оқиға болды.
.png)
Студенттерімізді және олардың жетекшілерін үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз!
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
21.04.2026
Жарияланды:
21.04.2026
Жарияланды:
20.04.2026
Жарияланды:
20.04.2026
Жарияланды:
14.04.2026
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
12.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
08.04.2026
Жарияланды:
07.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026