Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен дәстүрлі кездесу: сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды және оларды жүзеге асырудағы жастардың рөлін талқылау
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен дәстүрлі кездесу: сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды және оларды жүзеге асырудағы жастардың рөлін талқылау
10 September 2024

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен дәстүрлі кездесу: сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды және оларды жүзеге асырудағы жастардың рөлін талқылау

 

Бүгінгі күні қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың маңызы бұрынғыдан да артып, білім беру мекемелері жастардың құқықтық санасын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының қызметкерлері арасында еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Қарағанды медицина университетінің оқытушылары және студенттерімен кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты студенттер мен оқытушы құрамның арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи шаралар туралы ақпараттандыруды арттыру, академиялық адалдық пен этика қағидаттарын енгізу, білім беру ұйымдарында стандарттарды сақтаудың маңыздылығын атап өту болды.

Кездесуді ашқан университеттің ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры Ермек Мейрамұлы Тұрғынов университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсын жетілдіру мен академиялық адалдықты қамтамасыз етудегі жұмысын ерекше атап өтті.

- «Академиялық адалдық университет қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Өкінішке орай, білім беру ортасында сыбайлас жемқорлық әрекеттері әлі де бар: жалған құжат жасаудан бастап, бағаны адал емес жолмен алу әрекеттеріне дейін. Қарағанды медицина университеті Академиялық адалдық Лигасының мүшесі бола отырып, өзінің ішкі жүйесін үнемі жетілдіріп отырады, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады. Комплаенс-офицердің жұмысы да осыған бағытталған» - деп түйіндеді сөзін Ермек Мейрамұлы.


Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті превенция басқармасының аға офицері Сақтапберген Әкім Ерланұлы қатысушылардың назарын сыбайлас жемқорлық жағдайларын бақылау және алдын алудың тиімді тетіктерін енгізудің маңыздылығына аударып, бұл университет басшылығының ғана емес, сонымен қатар ашық және әділ білім беру процесін құрудағы студенттердің өз рөлін түсінуі керектігі және олардың да жауапкершілігі екенін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ағарту білім беру пулының спикері, облыстық Қоғамдық кеңесі жанындағы заңдылық, адам құқықтары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі Аркадий Нәбиұлы Тлеубердинов медициналық сала сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар тұрғысынан ерекше назар аударуды талап ететінін, өйткені денсаулық сақтаудағы сыбайлас жемқорлық көріністері адамдардың өмір сүру сапасы мен денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

«Медицина қызметкерлері ең адамгершілік қасиеттері жоғары мамандықтың өкілдері ретінде қатаң моральдық-этикалық нормаларды ұстануға міндетті. Медицина университетінің студенттері – медицинаның жарқын болашағы, олардың санасы және кәсіби жауапкершіліктерінен медициналық мекемелерге деген сенім деңгейінің артуына байланысты болады», - деп бөлісті спикер.

Кездесуге келген қатысушылар жастардың қоғамның дамуында қозғаушы күш екенін ерекше атап өтті. Студенттерді волонтерлік қозғалыстарға қатыстыру, жобалық қызмет және ақпараттық кампаниялар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларға тарту құқықтық мәдениетті нығайтуға және сыбайлас жемқорлық стереотиптерінен еркін азаматтардың жаңа буынын құруға көмектеседі.

 #anticor

#MUKCompliance

#MUKSanalyUrpaq

    

    

477

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.04.2026
Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026