Жаңалықтар

Орыс тілді психотерапевтер мен психологтардың II дүниежүзілік конгресі
Орыс тілді психотерапевтер мен психологтардың II дүниежүзілік конгресі
15 November 2023

2-6 қарашада Мәскеу қаласында Бүкілресейлік Кәсіби Психотерапия Лигасы ұйымдастырған орыс тілді психотерапевтер мен психологтардың II дүниежүзілік конгресі аяқталды. 

«Психотерапиядағы интегративті процестер, практикалық психология және кеңес беру, полимодальды психотерапия» секциясында аккредиттелген маман - полимодальды психотерапевт, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Неврология, психиатрия және оңалту кафедрасының  қауымдастырылған профессоры Л.Л. Мациевская баяндама жасады.

  Форумда Конгресс президенті-профессор Виктор Викторович Макаровтың болашаққа бағытталған психотерапияның эклектикалық және интегративті әдістері, техникасы мен түрлері туралы идеясы ерекше атап өтіліп, іске асырылды. Танымал шеберлер мен талантты жастар бөліскен баяндамалар мен мастер-кластар, шығармашылық эскиздер қызықты болды. Кездесулер, танысу, кәсіби байланыстар, әріптестердің кәсіби шеберлігінің сұлулығынан эмоциялардың қуанышы мен отшашуы – психотерапевт маманы үшін конгреске қатысудың әсерлері мен практикалық маңыздылығы өте жоғары.
277

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.04.2026
Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026