Жаңалықтар

Халықаралық конференция аясындағы студенттердің ғылыми табыстары
Халықаралық конференция аясындағы студенттердің ғылыми табыстары
21 April 2026

Семей медицина университетінде ғалым, профессор Құбайдолла Айтқалиұлы Шаймардановтың 90 жылдығына арналған «Ғылым және денсаулық» атты халықаралық қатысумен өткен 68-ші жыл сайынғы студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды. Конференция жас зерттеушілерді біріктіріп, олардың ғылыми жұмыстарын таныстыруға, тәжірибе алмасуға және заманауи медицина мен биомедицина саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Конференция қорытындысы бойынша 6В05101 «Биомедицина» білім беру бағдарламасының студенттері жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды: Ерназарова Айдана — 1-орын, Айдарбеков Мирас — 2-орын.

Бұл жетістіктер студенттердің ғылыми потенциалының жоғары екенін және биомедицина ғылымы саласында кәсіби дамуға деген ұмтылысын көрсетеді.

9

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.04.2026
Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026