Жаңалықтар
Атты білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі VIII Орталық Азия Халықаралық форумы өтті.
7 October 2024
2024 жылғы 4 қазанда Astana IT-University (Астана қ.) базасында аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) ұйымдастырған "Білім беру сапасын арттыру ақпараттық кеңістіктегі жоғары оқу орындарының стратегиялық даму феномені ретінде" атты білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі VIII Орталық Азия Халықаралық форумы өтті. Форум жұмысына жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың (ENQA) Президенті Дуглас Блэксток, жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық Тізілімнің (EQAR) президенті Стефан Ловик, жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің халықаралық желілерінің, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Франция, Ұлыбритания, Гонконг, Түркия, Молдова, Армения, Латвия жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.
.png)
Халықаралық форумның ашылуында IAAR Бас директоры Алина Бақытжанқызы Жұмағұлова, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова, ҚР ҰҚМ Вице – министрі Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки және т. б. құттықтау сөз сөйледі.
Халықаралық форумның негізгі мақсаты Орталық Азия және еуропа елдерінің жоғары оқу орындарының білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету, түлектерді жұмысқа орналастыру және олардың сұранысына ие болу болды.
Форум аясында келесі негізгі мәселелер талқыланады: инновациялық қайта құру жағдайында білім беру сапасын қамтамасыз етудің жаңа парадигмасы; медициналық білім, ғылым мен практиканың интеграциясы; жасанды интеллект білім беру жүйесінің архитектурасын дамытуға қалай әсер етеді?
"Медициналық білім беруді, ғылым мен практиканы интеграциялау" панельдік талқылауында медициналық білім беру сапасын арттыру; медициналық білім берудегі профессор-оқытушылар құрамының әлеуетін дамыту; симуляциялық оқыту технологияларын тиімді пайдалану; Денсаулық сақтау кадрларын даярлауда және медициналық кадрларды бөлуде дуальды оқытуды дамыту және медициналық көмектің қолжетімділігі мәселелері талқыланды.
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
21.04.2026
Жарияланды:
21.04.2026
Жарияланды:
20.04.2026
Жарияланды:
20.04.2026
Жарияланды:
14.04.2026
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
12.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
08.04.2026
Жарияланды:
07.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
06.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
03.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026
Жарияланды:
02.04.2026