Жаңалықтар

Қарағанды медицина университеті Президент Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыруға елеулі үлес қосуда.
Қарағанды медицина университеті Президент Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыруға елеулі үлес қосуда.
10 September 2024

Қарағанды медицина университеті Президент Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыруға елеулі үлес қосуда.

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің кадрлық әлеуетін дәйекті арттырудың және болашақ мамандықтары бойынша мамандар даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

Биыл біздің университет мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 1400-ден астам студенттер мен резиденттерді оқуға қабылдай отырып, денсаулық сақтау саласындағы сұранысқа ие бағыттар бойынша студенттерді қабылдауды арттырды. Біздің ЖОО-ны таңдаған талапкерлерге өте ризамыз және бұл таңдауды университет ұсынатын білім берудің жоғары сапасының көрсеткіші деп санаймыз. ҚМУ КеАҚ сондай-ақ денсаулық сақтаудағы цифрландыру мен инновацияларға бағытталған «IT-медицина» және «Биомедицина» болашақ инновациялық мамандықтары бойынша оқытуды жалғастыруда.

Медициналық білім беру сапасын жақсартуға заманауи оқыту әдістемелерін енгізу, оқу материалдарын жаңарту, білікті оқытушыларды тарту және симуляциялық орталықтар мен электрондық оқыту сияқты озық технологияларды пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Университет қазір Симуляциялық орталық пен морфология кафедрасын жаңғырту жобасын жүзеге асыруда, студенттер мен оқытушыларға ғылым мен практикадағы ең соңғы жетістіктерді қамтитын әлемдегі жетекші электрондық кітапханаларға жазылу рәсімделді.

Анар Тұрмұхамбетова, «ҚМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры.

 

418

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.04.2026
Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026