Жаңалықтар

Академиялық комплаенсті дамыту
Академиялық комплаенсті дамыту
10 October 2024

Қарағанды медицина университетінің білім беру ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және академиялық адалдықты қамтамасыз ету саласындағы жұмыс тәжірибесі 27 қыркүйекте Қостанайда өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік: ынтымақтастықтан нәтижеге» атты халықаралық форумында ұсынылды. Қарағанды медицина университетінің атынан спикер болып комплаенс-офицер Урмашов Александр сөз сөйледі, ол өз сөзінде университеттің комплаенс-жүйені құрудағы, университеттің академиялық адалдық Лигасының қызметіне қатысуы және білім беру ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу бойынша қабылданып жатқан қадамдарды атап өтті.

Форумды ұйымдастырушылар, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті және Қостанай облысының әкімдігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік қозғалысты іске асыруда тәжірибе алмасу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы тәсілдерді өзектендіру мақсатын қойды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне қатысқан комплаенс-офицерлер, ЖОО оқытушылары, Әдеп жөніндегі уәкілдер, қоғамдық сарапшылар мен волонтерлар үшін кәсіби нетворкинг-алаңын қалыптастыру міндеті де маңызды болды.

Форум аясында сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы Ұзынжас Бауыржан, Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің басшысы Бектұрғанов Серік, «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің бұрынғы директоры, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер Смағұлов Дидар, Беларусь Республикасындағы «Камлит» ЖШС өкілдігінің комплаенс-қызметінің басшысы Идельбаева Анара, Ресейлік жаратылыстану академиясының профессоры з.ғ.к. (Тамбов қаласы) Пузиков Руслан, Қостанай облысы полиция Департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Полюхов Юрий, қоғам қайраткері, Қостанай облысы Қоғамдық кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Комитетінің басшысы Абдибеков Нурбек сөз сөйледі.

Өткізілген форумның қорытындысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және волонтерлік институтын одан әрі нығайту бойынша қатысушылардың ұсыныстарын қамтитын уәкілетті органдар үшін арналған резолюция болды.

#anticor

#KMUCompliance

#KMUSanalyUrpaq

490

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.04.2026
Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026