Жаңалықтар

1 желтоқсан – Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күресу күні
1 желтоқсан – Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күресу күні
28 November 2023

2023 жылғы 23 қарашада «Эпидемиология» модулінің оқытушылары Қарағанды облысының «ЖИТС-ты алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» эпидемиолог дәрігері И.А. Венчиковамен бірлесіп, университеттің «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының 4 және 3 курс қысқартылған оқыту формасымен білім алушылары арасында АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша тренинг және рөлдік ойын өткізді.

Тренингте Қазақстан Республикасындағы қазіргі кезеңдегі АИТВ – инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, инфекция көзі, жолдары мен факторлары, алдын алу және диагностикалық шаралары туралы мәселелер қаралды. Қатысушыларға «АИТВ жұқтырған жасөспірімдерге қатысты стигма мен кемсітушілікті төмендету» тақырыбында бейнефильм көрсетілді, сондай-ақ АИТВ/ЖИТС-ты алдын алу бойынша рөлдік ойын өткізілді. 

Білім алушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды. Тренинг өте жағымды, қызықты, көңілді және тәрбиелік болды. Білім алушылар дайындалған материалды игеріп, АИТВ-инфекциясы туралы білімдерін тереңдете алды. АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында барлық қатысушыларға брошюралар, дәптерлер мен блокноттар таратылды.
270

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.04.2026
Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026