Жас ғалымдардың конференциясына өтінім қабылдау мерзімінің ұзартылуы жөнінде
Құрметті жас ғалымдар!
Қазақстанның Ғылым қызметкерлері күніне арналған «Медицина ғылымы мен білім берудегі инновациялық тәсілдер» атты ғылыми-практикалық конференциясына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі 2026 жылдың 29 наурызына дейін ұзартылғанын хабарлаймыз.
Күні: 2026 жылдың 17 сәуірі
Өтетін орны: «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, Қарағанды қ.
Тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Форматы: бетпе-бет (offline)
Конференция жас зерттеушілер мен студенттерге өз ғылыми нәтижелерін ұсынуға, тәжірибе алмасуға және қазіргі заманғы медицина мен биологияның өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді. Ауызша және постерлік баяндамалар бойынша байқау өткізіліп, жеңімпаздар дипломдармен марапатталады және 2026 жыл ішінде «Медицина және экология» журналында мақалаларын тегін жариялай алады.
Ұйым. комитеті байланысы: Ғылыми жұмыс бөлімі, Гоголь көш. 40/6, 360-кабинет, 8(7212)50-39-30 (ішкі 1435), conference.kmu@gmail.com.
Толығырақ ақпаратпен ақпараттық хаттан танысуға болады. Ақпараттық хат және постерлік баяндама шаблоны үш тілде қоса беріледі.
Ақпараттық хат_Жас ғалымдар конференциясы_ҚМУ КеАҚ