В.П. Филатов атындағы биомедициналық технологияларды дамыту халықаралық қорының «Жас медицина» байқауы

В.П. Филатов атындағы биомедициналық технологияларды дамыту халықаралық қорының «Жас медицина» байқауы

В.П. Филатов атындағы биомедициналық технологияларды дамыту халықаралық қоры жас ғалымдарды «Жас медицина» жобасына қатысуға шақырады.

Қатысуға 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар: студенттер, магистранттар, докторанттар, интерндер, резиденттер, дәрігерлер және ғылыми қызметкерлер шақырылады.  

Жоба аясында келесі іс-шаралар өткізіледі:

1.     «ЖАС МЕДИЦИНА» халықаралық ғылыми мектебі конкурсы
• 2026 жылғы 1 сәуір – 31 қазан аралығы – конкурстық жұмыстарды қабылдау;

2.     Халықаралық қатысумен бүкілресейлік жазғы слет
• 2026 жылғы 22-25 маусым (іріктеу кезеңі 2026 жылғы 1 сәуір – 1 маусым аралығында өтеді) – халықаралық және федералдық питч-сессиялар.

Біздің университеттің жас ғалымдары «ЖАС МЕДИЦИНА» халықаралық ғылыми мектебі конкурсына келесі үш бағыт бойынша қатыса алады:

·       «Үздік халықаралық жоба» – жас ғалымдардың әлемдік денсаулық сақтауға қосқан үлесі;

·       «Биомедицина – болашақ» – В.П. Филатов қорының атаулы сыйлығы;

·       «Медицинадағы әйел-ғалым» – үздік әйелдер жобасы.

Конкурстың сыйлық қоры – әр номинация жеңімпазына 50 000 рубль.

Финалистер (20 лауреат) келесі іс-шараларға қатысады:
      – «ИННОВАЦИЯ КӨШБАСШЫЛАРЫ» халықаралық қатысумен ғылыми-білім беру бағдарламасы – 2026 жылғы 2–9 желтоқсан;
     – VI «ЖАС МЕДИЦИНА» халықаралық қатысумен ғылыми-білім беру форумы – 2026 жылғы 8 желтоқсан.

Жол жүру және тұру шығындарын қабылдаушы тарап өтейді.

Конкурсқа қатысу үшін www.medicinamolodaya.ru ресми сайтында тіркеліп, өтінім толтырып, жобаны жүктеу қажет.

Питч-сессияға өтінім беру үшін келесі сілтеме бойынша форманы толтыру қажет:
https://forms.yandex.ru/cloud/69afeb5190fa7be6ee176c44

Байланыс:
Пуртова Анна Вячеславовна – Қор хатшысы
Email: purtova_av@fondfilatova.ru
Телефон: +7 (499) 766 21 82, +7 (919) 395 40 66

Конкурс Ережесі, питч-сессиялардың анонсы және конкурс кезеңдері туралы түсіндірме анықтама қоса беріледі.

Анонс конкурса для публикации_Медицина молодая - 2026

Положение о проведении Конкурса Международная научная школа Медицина молодая

СПРАВКА о проекте Международная научная школа Медицина молодая