AI-Sana бағдарламасының II кезеңінің басталуы туралы ақпарат

AI-Sana бағдарламасының II кезеңінің басталуы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым қоры» АҚ-мен бірлесіп, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен «AI-Sana» ұлттық бағдарламасының II кезеңіне 100 000 қатысушыны іріктеудің басталғанын хабарлайды. Бұл — Қазақстандағы жасанды интеллект саласындағы ең ірі білім беру бастамаларының бірі.

Кімдер қатыса алады?
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасының тыңдаушылары. Қатысушылардың жасанды интеллект саласында базалық білімі және ағылшын тілін меңгеруі қажет.

Тіркеу және тестілеу мерзімі:
2026 жылғы 2–15 наурыз (23:59-ға дейін)

Іріктеуден қалай өтуге болады?

  1. PlatonusApp мобильді қосымшасы арқылы (Platonus платформасын пайдаланатын студенттер үшін)
  2. https://aisanatesting.kz немесе https://aisana.gov.kz сайттары арқылы

Тестілеу форматы:
• 4 жауап нұсқасы бар 25 сұрақ
• Тапсыру уақыты — 120 минутқа дейін
• Қосымша критерий — тестті орындау жылдамдығы
• Ең жоғары балл жинаған қатысушылар бағдарламаның II кезеңіне өтеді

«AI-Sana» бағдарламасына қатысу не береді?
• ЖИ саласындағы халықаралық сарапшылардан білім алу (Stanford, MIT және т.б.)
• Нейрожелілермен және Python тілінде (Google Colab) практикалық жұмыс дағдылары
• Өз AI-жобаларын және стартап идеяларын әзірлеу
• Медицина, білім беру, қаржы және басқа салалардағы нақты кейстермен жұмыс
• Толыққанды бизнес-жоспар дайындау
• Alem.ai резиденті болу және халықаралық акселераторларға шығу мүмкіндігі

Жасанды интеллекттің дамуы қазіргі денсаулық сақтау мен медициналық білім берудің негізгі трендтерінің бірі болып табылады. Бағдарламаға қатысу болашақ құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді: медициналық деректерді талдау, пациенттерге арналған цифрлық шешімдер әзірлеу және AI технологияларын клиникалық практикаға енгізу.

Барлық қызығушылық танытқан студенттерді бағдарламаға қатысуға шақырамыз.
Жаңалықтарды бақылап, белгіленген мерзімде тіркеліңіз.