«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, (бұдан әрі – «ҚМУ» КеАҚ) «ҚМУ» КеАҚ қызметкерлерінің ғылыми әлеуетін арттыру, профессорлық-оқытушылық құрамның, ғылыми қызметкерлер мен білім алушылардың жарияланымдық белсенділігін арттыру, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, жаңа әлеуеті мол ғылыми бағыттарды қолдау және дамыту мақсатында 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді ЖОО ішілік гранттық қаржыландыруға байқау өткізу туралы хабарлайды.
2025-2027 жылдарға қаржыландырудың жалпы сомасы – 9 млн.теңге, оның ішінде жылдар бойынша: 2025 жыл – 3 млн.теңге, 2026 жыл – 3 млн.теңге, 2027 жыл – 3 млн.теңге.
Байқау өтінімдері Ғылыми жұмыс бөліміне электрондық түрде OmarovaA@qmu.kz корпоративтік поштасына жіберіледі.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2025 жылдың 1 сәуірі.
Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2025 жылдың 30 сәуірі (қоса алғанда).
Қосымшалар:
Ғылыми зерттеулерді ЖОО ішілік гранттық қаржыландыруға байқау туралы ЕРЕЖЕ
Барлық сұрақтар бойынша Ғылыми жұмыс бөліміне хабарласу: Гоголь көшесі, 40/6, каб. 360, тел.: 8 (7212) 50-39-30 (ішкі 1615, 1436).