Қызметкерлер

Тулебаев Ерболат Абибиллаевич
Ғылыми дәрежесі: "Фармация" мамандығы бойынша PhD
Лауазымы: Мектеп деканы
- ҚМУ магистратура, докторантура бағдарламаларының түлегі, 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Фармация мектебінде жұмыс істейді. Фармацевтикалық пәндерді оқытады: Мамандыққа кіріспе, фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру, фармацевтикалық мерчандайзинг, фармациядағы ақпараттық ресурстар, Қазақстан Республикасының халқын дәрілік қамтамасыз ету. 11 дипломдық жобаның жетекшісі.
- Фармакология, клиникалық фармация, фармакогнозия, фармацевтикалық білім.
- Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі 40-тан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде: Scopus және Web of Science индекстелетін базаларындағы 2 мақала (Q1, Q2), ҚР ҰӘҚ КОКСНВО ұсынған басылымдардағы 4 мақала және РИНЦ базасындағы 7 мақала, фармацевтикалық білім беру әдістері бойынша 5 жарияланым, 20-дан астам жарияланым әр түрлі деңгейдегі марапаттары бар халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда (Гран-При, дипломдар, грамоталар және сертификаттар). Google Scholar бойынша Хирш индексі - 2.
- Е. А. Төлебаев "Базалық фармацевтикалық пәндер" модулінің үйлестірушісі, Фармация бойынша бакалавриат студенттері үшін эдвайзер болып табылады. Фармация пәндік олимпиадалары жүлдегерлерінің кураторы.