«Жалпы медицина» мамандығының 6 курс студенттері үшін академиялық ұтқырлық аясында оқуға ««Жалпы дәрігерлік практикада акушерия және гинекология» пәні бойынша Әзербайжан медицина университетіне (Әзербайжан, Баку қ.) конкурс жарияланады

Құрметті «ҚМУ» КеАҚ студенттері!

«Жалпы медицина» мамандығының 6 курс студенттері үшін академиялық ұтқырлық аясында оқуға ««Жалпы дәрігерлік практикада акушерия және гинекология» пәні бойынша Әзербайжан медицина университетіне (Әзербайжан, Баку қ.) конкурс жарияланады.

Орындар саны-6.
Талап:
- «Жалпы медицина» мамандығының студенттері,
- GPA: 3,0-ден төмен емес;
- жоғары қарым-қатынас дағдылары;
- командада жұмыс істей білу;
- тәртіптік жазаның болмауы.

Құжаттар тізімі:
- Шетелге шығатын ҚР азаматының сауалнамасы (нысан бойынша);
- Өтініш (нысан бойынша);
- Келісім (нысан бойынша);
- Ұсыныс хат;
- Жеке оқу жоспарының көшірмесі;
- Транскрипт;
- Төлқұжаттың көшірмесі;
- Фото 4 дана (3х4);
- Медициналық анықтама 072ф.

Құжаттарды тапсыру мерзімі 14 ақпан 2025 жыл.

Толық ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне жолығыңуызды сұраймыз (327 каб.) немесе эл.мекен-жайы: international@qmu.kz