Құрметті білім алушылар!
Университет Сенатының жастар ісі жөніндегі Комитеті 2024 жылдың 14 – 21 тамыз аралығында «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрайымы – Ректордың стипендиясын тағайындау конкурсын өткізді.
Комитетке 41 өтінім берілді, атап айтқанда:
- «Жалпы медицина», «Медицина» ББ - 15 өтінім;
- «Стоматология» ББ - 19 өтінім;
- «Фармация» ББ - 4 өтінім;
- «ФӨТ» ББ - 2 өтінім;
- «IT – медицина» ББ – 1 өтінім.
Кандидаттардың балдарын есептеу үшін уақытша жұмыс тобы құрылды, оның құрамына: Комитет төрағасы А. Н. Урмашов, ЖЖЖБ маманы С.К. Биева, «Жалпы медицина» ББ 4 курс студенті Х.Ф. Ирискулов, Фармация мектебінің СӨБК төрайымы, «Фармация» ББ 5 курс студенті А.Ж. Болатбек кірді.
Сенаттың шешімі негізінде Басқарма Төрайымы – Ректордың стипендиясы келесі білім алушыларға тағайындалды:
1. Пшенбаева Дана Булатовна («Стоматология» ББ 6 курс студенті) – 66,90;
2. Хоменко Владимир Викторович («Стоматология» ББ 4 курс студенті) – 60,93;
3. Дәулет Балжан («Жалпы медицина» ББ 5 курс студенті ) – 57,23;
4. Алимбатыров Марлан Русланович («Фармация» ББ 3 курс студенті) – 54,05;
5. Нурманова Гульназ Бауыржанкызы («Жалпы медицина» ББ 6 курс студенті) – 54,00;
6. Сейтжанова Айханым Дулатқызы («Стоматология» ББ 5 курс студенті) – 52,95;
7. Турашева Айзада Азаматовна («Стоматология» ББ 5 курс студенті) – 52,60;
8. Тұрсын Адема Азатқызы («Стоматология» ББ 3 курс студенті) – 51,15;
9. Авгумбаева Камила Тимуровна («Стоматология» ББ 3 курс студенті) – 51,13;
10. Даригулова Алия Нурболқызы («Стоматология» ББ 5 курс студенті) – 50,88;
11. Достаев Заңғар Қамарұлы («IT-медицина» ББ 4 курс студенті) – 50,18;
12. Нургалиева Нурбахыт Руслановна («Медицина» ББ 3 курс студенті) – 49,28;
13. Дәрібаева Жаннұр Дәрібайқызы («Фармация» ББ 3 курс студенті) – 48,55;
14. Қасымхан Нұрлым Зұлхарнайқызы («Жалпы медицина» ББ 5 курс студенті) – 48,40;
15. Омелечко Данил Юрьевич («Стоматология» ББ 5 курс студенті) – 48,35.
Кандидаттардың баллдары бойынша жалпы кесте қоса беріледі.
Университет Сенатының жастар ісі жөніндегі Комитеті Басқарма Төрайымы – Ректордың стипендиясының иегерлерін шын жүректен құттықтайды! Білім алушыларға жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!
Ректор стипендиясы 2023-2024 (жаз) қорытындылары