2024 жылдың 21 қарашасында Қарағанды медициналық университеті Цзилинь университетінің (Қытай) делегациясын жылы қабылдады. Делегация құрамында: Цзилинь университетінің Қытай-Жапония бірлескен ауруханасының нейрохирургия бөлімінің директоры, профессор Юфэй Гао, сонымен қатар профессор Цзиннан Чжан және сол кафедраның басқа дәрігерлері болды.
Делегацияның сапары барысында екі тараптың өкілдері университет арасындағы әріптестікті дамыту мүмкіндіктерін, соның ішінде академиялық ұтқырлық саласындағы мәселелерді талқылады. Студенттер мен оқытушылар алмасу перспективалары, сондай-ақ бірлескен ғылыми және білім беру бағдарламаларын құру бастамалары қарастырылды.
Келіссөздер барысында нейрохирургия және басқа да медициналық пәндер саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығы да атап өтілді, бұл екі жақтың ғылыми және білім беру әлеуетін нығайтады. Мұндай бастамалар болашақта академиялық алмасу мен бірлескен зерттеулерге жаңа мүмкіндіктер ашады деп күтілуде.
Бұл сапар Қарағанды медицина университеті мен Цзилинь университеті арасындағы халықаралық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды, бұл ғылыми және білім беру ортасын дамытуға және медицина саласындағы инновациялық жобаларды қолдауға ықпал етеді.