Табыстың маңызды құрамдас бөлігі ретінде болашақ дәрігерлердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту
2025 жылдың 29 сәуірінде «Отбасылық медицина» кафедрасында «Қарағанды қаласының №3 емханасы» клиникалық базасында көшбасшылық және тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамыту мақсатында кафедраның тәрбие жұмысы аясында оқушылармен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді кафедра профессоры А.Б. Күзгібекова, профессордың ассистенттері А.Т. Такирова, М.С. Серікова, кафедра меңгерушісі Т.О.Абугалиеваның және «Жалпы медицина» мамандығының 7 курс интерндерінің қатысуымен өтті. Бұл іс-шараның мақсаты жалпы тәжірибелік дәрігер жұмысындағы табыстың маңызды құрамдас бөлігі ретінде болашақ дәрігерлердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту болды. 7 курс интерндері «Жалпы тәжірибелік дәрігер /отбасылық медицина» кәсіби стандарты негізінде жалпы тәжірибелік дәрігердің еңбек функцияларымен және жеке құзыреттеріне қойылатын талаптармен танысты (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 25.01.2024 ж. №46 бұйрығы). Интерндермен талқылау барысында дәрігердің күнделікті жұмысында мотивациялық дағдылар, жауапкершілік, шешім қабылдау дағдылары және өмір бойы міндетті білім алу арқылы алға қойылған мақсаттарға жетуге баса назар аударылды.Жарнамалар лентасы
Жарияланды:
16.04.2026
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
27.03.2026
Жарияланды:
26.03.2026
Жарияланды:
19.03.2026
Жарияланды:
18.03.2026
Жарияланды:
16.03.2026
Жарияланды:
11.03.2026