«Стоматология» мамандығының 4 курс студенттері үшін академиялық ұтқырлық аясында «Терапевтік және хирургиялық қабылдаудағы тіс дәрігерінің көмекшісі» бағытында Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтында (Өзбекстан) тәжірибеден өтуге конкурс жариял

 

Құрметті «ҚМУ» КеАҚ студенттері!

 

«Стоматология» мамандығының 4 курс студенттері үшін академиялық ұтқырлық аясында «Терапевтік және хирургиялық қабылдаудағы тіс дәрігерінің көмекшісі» бағытында Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтында (Өзбекстан) тәжірибеден өтуге конкурс жарияланады.

 

Орындар саны-10.

Талап:

- «Стоматология» мамандығының студенттері,

- GPA: 2,75-ден төмен емес;

- жоғары қарым-қатынас дағдылары;

- командада жұмыс істей білу;

- тәртіптік жазаның болмауы.

 

Құжаттар тізімі:

- Шетелге шығатын ҚР азаматының сауалнамасы (нысан бойынша);

- Өтініш (нысан бойынша);

- Келісім (нысан бойынша);

- Ұсыныс хат;

- Жеке оқу жоспарының көшірмесі;

- Транскрипт;

- Төлқұжаттың көшірмесі;

- Фото 4 дана (3х4);

- Медициналық анықтама 072ф.

 

Құжаттарды тапсыру мерзімі 21 мамыр 2025 жыл.

 

Толық ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне жолығыңуызды сұраймыз (327 каб.) немесе эл.мекен-жайы: international@qmu.kz