Сіздерге Чехияның Острава университетінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі туралы қуана хабарлаймыз Бағдарлама Чехияның медициналық мекемелерінде өтуге мүмкіндік береді. Тағылымдама 3, курс ЖМ мамандығы студенттеріне арналған

Құрметті НАО «КМУ» студенттері!
Сіздерге Чехияның Острава университетінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі туралы қуана хабарлаймыз Бағдарлама Чехияның медициналық мекемелерінде өтуге мүмкіндік береді. Тағылымдама 3, курс ЖМ мамандығы студенттеріне арналған.

Орын саны – 4 (2025/2026 оқу жылының күзгі/көктемгі семестрі).
Ескерту: Егер сізде Чехияға виза рәсімдеуде тәжірибе бар болса, өтініште оны көрсетуіңізді сұраймыз. Виза алу үшін өтініш бергеннен кейін кемінде екі ай қажет екенін ескеріңіз.
Талаптар:
• IELTS сертификаты кемінде 6.0 (B2 деңгейі) — міндетті;
• Жоғары коммуникативтік дағдылар;
• Дисциплинарлық жазалардың болмауы;
• GPA-3.0

Қажетті құжаттар тізімі:
• Шетелге шығатын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін анкета (нысан бойынша);
• Өтініш (нысан бойынша);
• Келісім (нысан бойынша);
• Тіл білімі туралы сертификат;
• Рекомендациялық хат;
• Жеке оқу жоспарының көшірмесі;
• Транскрипт;
• Паспорт көшірмесі;
• 5 фото (3х4);
• 072 медициналық анықтама.
• Резюме
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
• Күні: 21 ақпанға дейін;
• Уақыты: 15:00-ден 17:00-ге дейін, 327 кабинет.
Толық ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне (327 кабинет) немесе электронды поштаға хабарласуды сұраймыз: international@qmu.kz