Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы халыққа және түрлі қызмет салаларының мамандарына арнап алғашқы көмек көрсету бойынша тренингтер өткізеді.

Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы халыққа және түрлі қызмет салаларының мамандарына арнап алғашқы көмек көрсету бойынша тренингтер өткізеді.
Алғашқы көмек-бұл медицина қызметкерлері келгенге дейін зардап шеккен адамның өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған шұғыл шаралар кешені. Алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгеру жеке және қоғамдық қауіпсіздіктің маңызды элементі болып табылады.
Оқыту барысында келесі тақырыптар қарастырылады:
•    жүрек тоқтаған кезде  алғашқы көмек көрсету
•    әр түрлі ауырлықтағы қан кетулер кезіндегі әрекеттер
•    улану кезіндегі алғашқы көмек
•    ток соққан кезде көрсетілетін көмек
•    суға бату кезінде көрсетілетін әрекеттер алгоритмдері
•    құрысу жағдайларында көрсетілетін кідіріссіз көмек
•    күйік пен үсік шалған кезде көрсетілетін алғашқы көмек
•    жарақаттар мен жаралар кезіндегі көмек


Ақпараттарды төмендегі байланыстар арқылы ала аласыздар: