СҒЗЖ Республикалық конкурсының I (ЖОО ішіндегі) кезеңінің нәтижелері
СҒЗЖ Республикалық конкурсының I (ЖОО ішіндегі) кезеңінің нәтижелеріҒылым қызметкерлері күніне орай 2025 жылдың 14-ақпаны және 31-наурызы аралығы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы Республикалық конкурсының I (ЖОО ішіндегі) кезеңіні (бұдан кейін – СҒЗЖ конкурсы) өтті. Конкурс нәтижесі бойынша ең үздік деп табылған 3 жұмыс келесідей орынға ие болды:
• «Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасы бойынша:
I орынды 2 курс студенті – Амангелді Қаламқас иеленді.
Жұмыс атауы: Жатыр мойны обыры: тренд, алдын алу, сауаттылық.
Ғылыми жетекшісі: Болатова Ж.Е.
II орынды 2 курс студенті – Омарова Аружан иеленді.
Жұмыс атауы: Қазақстан Республикасындағы 1 жасқа дейінгі нәрестелер өліміне талдау.
Ғылыми жетекшісі: Сейлханова Ж.А.
• «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша:
I орынға 4 курс студенттері – Мұратова Шұғыла, Шарафадин Бекслан және Ордабаева Лаура ие болды.
Жұмыс атауы: Дәрілік шалфей (Salvia officinalis L.) экстракты негізінде ұнтақ түріндегі саше құрамы мен технологиясын әзірлеу.
Ғылыми жетекшісі: Мурзалиева Г.Т.
Жеңімпаздарды марапаттау Сенаттың кезекті отырысында өтеді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға байқаудың республикалық кезеңінде сәттілік тілейміз.
Жарнамалар лентасы
Жарияланды:
16.04.2026
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
27.03.2026
Жарияланды:
26.03.2026
Жарияланды:
19.03.2026
Жарияланды:
18.03.2026
Жарияланды:
16.03.2026
Жарияланды:
11.03.2026