Ректор стипендиясын тағайындау конкурсының нәтижелері

Құрметті білім алушылар!
Университет Сенатының жастар ісі жөніндегі Комитеті 2025 жылдың 13 – 22 тамыз аралығында «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрайымы – Ректордың стипендиясын тағайындау конкурсын өткізді.

Комитетке 52 өтінім берілді, атап айтқанда:
- «Жалпы медицина», «Медицина» ББ - 29 өтінім;
- «Стоматология» ББ - 16 өтінім;
- «Фармация» ББ - 3 өтінім;
- «ФӨТ» ББ - 1 өтінім;
- «Педиатрия» ББ - 1 өтінім;
- «МПІ» - 1 өтінім;
- ХМФ – 1.

Кандидаттардың балдарын есептеу үшін уақытша жұмыс тобы құрылды, оның құрамына: Комитет төрағасы А.Н. Урмашов, ЖЖЖБ маманы С.К. Биева, «Жалпы медицина» ББ 5 курс студенті, студенттік сенатор Х.Ф. Ирискулов, ҚазМСА жергілікті комитетінің басшысы «Педиатрия» ББ 3 курс студенті М.А. Губская, Медицина мектебінің СӨБК төрайымы, «Жалпы медицина» ББ 6 курс студенті, студенттік сенатор Таңатар А.Ғ., «Медицина» ББ 2 курс студенті А.Д. Маулен кірді.

Сенаттың шешімі негізінде Басқарма Төрайымы – Ректордың стипендиясы келесі білім алушыларға тағайындалды:
1. Турашева Айзада Азаматовна («Стоматология» ББ 6 курс студенті) – 57,33;
2. Равшанбеков Бахытжан Умиджанович («Медицина» ББ 3 курс студенті) – 56,23;
3. Сейтжанова Айханым Дулатқызы («Стоматология» ББ 6 курс студенті) – 55,18;
4. Нурманова Гульназ Бауыржанкызы («Жалпы медицина» ББ 6 курс студенті) – 54,78;
5. Нургалиева Нурбахыт Руслановна («Медицина» ББ 4 курс студенті) – 53,80;
6. Тұрсын Адема Азатқызы («Стоматология» ББ 4 курс студенті) – 52,63;
7. Мамедова Севинч Адилжановна («Медицина» ББ 2 курс студенті) – 52,30;
8. Алькеев Даир Мирасович («Стоматология» ББ 3 курс студенті) – 51,88;
9. Хоменко Владимир Викторович («Стоматология» ББ 5 курс студенті ) – 50,93;
10. Киртиприя (ХМФ «Медицина» ББ 2 курс студенті) – 50,90;
11. Авгумбаева Камила Тимуровна («Стоматология» ББ 4 курс студенті) – 50,43;
12. Шалак Зия Юрьевна («Жалпы медицина» ББ 5 курс студенті) – 48,65;
13. Жаманбаев Адиль Ренатович («Жалпы медицина» ББ 5 курс студенті) – 48,15.
14. Болат Фархат Арманұлы («Медицина» ББ 2 курс студенті) – 48,13;
15. Омелечко Данил Юрьевич («Стоматология» ББ 5 курс студенті) – 48,10.

Кандидаттардың баллдары бойынша жалпы кесте қоса беріледі


Университет Сенатының жастар ісі жөніндегі Комитеті Басқарма Төрайымы – Ректордың стипендиясының иегерлерін шын жүректен құттықтайды! Білім алушыларға жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!