ҚР ДСМ "Қазақстан Республикасында 2023-2026 жылдарға арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асыру туралы" жол картасын орындау шеңберінде "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ 2025 жылғы 2-6 маусым аралығында біліктілікті арттырудың келесі циклдерін өткізу жоспарланғанын хабарлайды:
1. Амбулаториялық-емханалық қызмет және медициналық клиникалар стационарлары дәрігерлерін оқыту үшін - 2 кредит (60 сағат) көлемінде «АИТВ-инфекциясының берілуін диагностикалау, алдын алу және медициналық ұйымдарда пациенттерді басқару».
2. Амбулаториялық-емханалық қызмет және медициналық клиникалар стационарлары орта медицина қызметкерлерін оқыту үшін - 2 кредит (60 сағат) көлемінде «АИТВ-инфекциясының берілуінің алдын алу және денсаулық сақтау ұйымдарында пациенттерді басқару».
Оқыту форматы: офлайн.
Сіз циклге келесі телефон нөмірлері арқылы жазыла аласыз: 50-39-30 (ішкі. 1732, 1723)