Ішкі конкурс туралы хабарландыру
Құрметті әріптестер!Қарағанды медицина университеті Erasmus+ бағдарламасы аясында Испаниядағы Гранада университетінде өтетін Staff Training Week бағдарламасына қатысу үшін Халықаралық ынтымақтастық бөлімі мен Стратегиялық даму бөлімінің қызметкерлеріне арналған ішкі конкурс жариялайды.
Іс-шара туралы:
Staff Training Week 2026 жылғы 20–24 сәуір аралығында Гранада университетінде өтеді. Бағдарлама Erasmus+ Key Action 2 (Capacity Building in Higher Education) жобаларын басқару саласында кәсіби даму үшін тренингтерді, семинарларды және практикалық сабақтарды қамтиды, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен халықаралық байланыстарды орнатуды көздейді.
Іс-шараның жұмыс тілі – ағылшын тілі.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Халықаралық ынтымақтастық бөлімі және Стратегиялық даму бөлімінің қызметкері болу;
- Ағылшын тілін B2 деңгейінде меңгеру;
- Қатысу нәтижелері бойынша есеп ұсынуға дайын болу.
- Europass форматындағы CV;
- Паспорт көшірмесі.
Құжаттарды Халықаралық ынтымақтастық бөліміне e-mail арқылы жіберу қажет: international@qmu.kz
Назар аударыңыз: конкурс негізінде іріктеу жүргізіледі.
Жарнамалар лентасы
Жарияланды:
16.04.2026
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
27.03.2026
Жарияланды:
26.03.2026
Жарияланды:
19.03.2026
Жарияланды:
18.03.2026
Жарияланды:
16.03.2026
Жарияланды:
11.03.2026