«Денсаулық сақтау менеджменті» сертификаттау курсы

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ медициналық ұйымдардың басшылары мен орта буын менеджерлеріне арналған жыл сайынғы «Денсаулық сақтау менеджменті» сертификаттау курсын өткізу туралы хабарлайды.
Курстың ұзақтығы: 6 апта (360 сағат).
Оқудың басталуы: 2025 жылдың қыркүйегі.
Курс бағдарламасы денсаулық сақтау менеджменті саласындағы кәсіби білімдерін, біліктері мен дағдыларын тереңдетуге бағытталған және мыналарды қамтиды:
    денсаулық сақтауды басқарудағы заманауи тәсілдер мен бағыттарды зерделеу;
    медициналық ұйымдар қызметінің саясаты мен стратегиясын әзірлеу бойынша құзыреттерді қалыптастыру;
    өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметті басқару әдістерін игеру;
    қызметкерлердің жұмысын талдау, жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау құралдарын меңгеру.
Курстың мазмұны біліктілік талаптарына, қосымша білім берудің кәсіптік және мемлекеттік стандарттарына сәйкес әзірленген. Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға «E-licence» МО БКО жүйесі арқылы транскрипті бар куәлік беріледі.

Оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша мына мекен-жайға хабарласуыңызды сұраймыз: Қарағанды қ., Гоголь к-сі 40, 103 кабинет. Тел.: 50-39-30 (ішкі. 1732, 1723).