«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 100000, Қарағанды қ. Гоголь көшесі, 40
Тел.: 8 (7212) 50-39-30
Факс: 8 (7212) 51-89-31
"ҚМУ" КЕАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Қауымдастырылған профессор - 13 бірлік.
Акушерлік, гинекология және перинатология кафедрасы
Қауымдастырылған профессор – 8 бірлік.
Информатика және биостатистика кафедрасы
Қауымдастырылған профессор – 6 бірлік.
Профессор – 4 бірлік.
Морфология кафедрасы
Қауымдастырылған профессор – 11 бірлік.
Профессор – 2 бірлік
Неврология, психиатрия және реабилитология кафедрасы
Қауымдастырылған профессор – 8 бірлік.
Профессор – 3 бірлік
Отбасылық медицина кафедрасы
Қауымдастырылған профессор – 4 бірлік.
Профессор – 2 бірлік
Тілдерді дамыту орталығы
Қауымдастырылған профессор – 5 бірлік.
Профессор – 2 бірлік
Мейірбикелік білім беру мектебі
Қауымдастырылған профессор – 5 бірлік.
Профессор – 4 бірлік
Стоматология мектебі
Қауымдастырылған профессор – 6 бірлік.
Профессор – 4 бірлік
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты-2025 жылғы 21 тамыздан 2025 жылғы 27 тамызға дейін, сағат 18.00-ге дейін.
Кандидат жеке өзі немесе электрондық пошта/ Курьерлік қызмет арқылы конкурс комиссиясының хатшысына көрсетілген кезеңнен кешіктірмей конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды жібереді.
Конкурсқа қатысуға өтініш Конкурстық комиссия төрағасының атына жазылады. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1) жеке куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
2) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
4) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса).
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдар тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т. б.) ұсынуға құқылы.
Университетте жұмыс істейтін және конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш және мінездеме береді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
Қауымдастырылған профессор лауазымына-жоғары білім, ғылыми дәреже (ғылым докторы/кандидаты, PhD).
Жоғары санат-соңғы 3 жылда Clarivate analytics, Scopus-та индекстелген журналдарда кемінде 2 мақаланың болуы (квартиль=Q3 және одан жоғары). Хирш индексі Clarivate analytics немесе Scopus базасы бойынша кемінде 2.
Бірінші санат-соңғы 3 жылда Clarivate analytics, Scopus-та индекстелген журналдарда кемінде 2 мақаланың болуы (квартиль=Q3 және одан жоғары). Хирш индексі Clarivate analytics немесе Scopus базасы бойынша кемінде 1.
Профессор лауазымына-жоғары білім, ғылыми дәреже (ғылым докторы/ кандидаты/ PhD), ғылыми атағы – профессор/ қауымдастырылған профессор (КОКСОН).
Жоғары санат-негізгі автор ретінде соңғы үш жылда Clarivate analytics, Scopus-та индекстелген журналдарда кемінде 3 мақаланың болуы (квартиль = Q3 және одан жоғары). Хирш индексі Clarivate analytics немесе Scopus базасы бойынша кемінде 4.
Бірінші санат-негізгі автор ретінде соңғы үш жылда Clarivate analytics, Scopus-та индекстелген журналдарда кемінде 3 мақаланың болуы (квартиль = Q3 және одан жоғары). Хирш индексі Clarivate analytics немесе Scopus базасы бойынша кемінде 2.
Жалпы білім беретін пәндердің қауымдастырылған профессоры лауазымына-жоғары білім, ғылыми дәреже (ғылым докторы/ кандидаты/ PhD), педагогикалық өтілі кемінде 7 жыл.
Жоғары санат-соңғы үш жылда Clarivate Analytics/Scopus компаниясының Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index, Web of Science Core Collection деректер базасында индекстелген кемінде 2 мақаланың және/ немесе шолулардың болуы.
Бірінші санат-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің КОКСОН ұсынған басылымдарында кемінде 4 жарияланымның және/немесе соңғы үш жылда Scopus-та кемінде 1 мақаланың болуы.
Анықтама алу үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз:
Қарағанды қ., Гоголь көшесі, 40,
Адами ресурстарды басқару департаменті
Комиссияның хатшысы Калашникова Лилия Ивановна
(218 каб.) тел: 8 (7212) 50-39-30 (1672)