«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
100008, Қарағанды қ., Гоголь көшесі, 40
Тел.: 8 (7212) 50-39-30,
Факс: 8 (7212) 51-89-31
БОС ЛАУАЗЫМ ОРНЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
Стоматологиялық клиника
Бас дәрігер-1 бірлік.
Фармация мектебі
Декан – 1 бірлік.
Құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты - 2025 жылғы 21 шілдеден бастап 2025 жылғы 1 тамызға дейін, сағат 18.00-ге дейін.
Кандидат жеке өзі немесе электрондық пошта/курьерлік қызмет арқылы конкурс комиссиясының хатшысына көрсетілген кезеңнен кешіктірмей конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды жібереді.
Конкурсқа қатысуға өтініш Конкурстық комиссия төрағасының атына жазылады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1. жеке куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
2. жоғары білімі, академиялық және/немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары (басқа мемлекеттің білімі туралы дипломы бар адамдар үшін апостиль қою және нострификациялау рәсімінен өткен дипломды ұсыну қажет);
3. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
4. «ҚМУ» КеАҚ қызметкерлері үшін - Сенат хатшысы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса); «ҚМУ» КеАҚ - да жұмыс істемейтін қызметкерлер үшін ұйымда осы функцияны орындауға уәкілеттік берілген адам;
5. сондай-ақ конкурс өткізуге арналған хабарландыруда көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын басқа да құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдар тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), мінездемені, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Бөлімше басшысының бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар қосымша өзінің көзқарасы мен бөлімшенің Даму стратегиясы туралы презентация ұсынуға тиіс.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
- Стоматологиялық клиниканың бас дәрігері лауазымына - жоғары медициналық білім және/немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласындағы екінші жоғары білім немесе "қоғамдық денсаулық сақтау", "денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" мамандықтары бойынша магистр дәрежесі (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін),"Бизнес әкімшілендіру", "іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "қаржы және кредит" немесе ғылыми дәрежесінің немесе PhD докторының болуы, Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
- Фармация мектебінің деканы лауазымына - "Фармация", "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" мамандығы бойынша жоғары білім, магистр ғылыми дәрежесінің және (немесе) академиялық дәрежесінің және (немесе) МВА академиялық дәрежесінің және (немесе) DВА академиялық дәрежесінің болуы, білім беру саласында кемінде 5 жыл жалпы жұмыс өтілінің болуы.
«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бос лауазымдарына конкурстық орналасу ережесі:
Өтініш:
Қызметтік тізім:
Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады:
Қарағанды қ., Гоголь көш. 40, Адами ресурстарды басқару департаменті
Комиссия хатшысы Калашникова Лилия Ивановна
Электронды пошта: Saakyan@qmu.kz
(218 каб.) тел: 8 (7212) 50-39-30 (1672)