Бейнебайқау «Инстаграм Диагноз»

Ұйымдастырушы: Қарағанды медицина университеті, Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығы.
Мақсаты: Медицинаға қызығушылықты арттыру, клиникалық ойлауды дамыту және цифрлық дағдыларды жетілдіру.
Формат: Қатысушылар 2 минутқа дейінгі медициналық бейнеролик дайындайды (Instagram Reels).
Өткізу мерзімі: 2025 жылдың 1 қазан - 28 қараша аралығы.
Қорытынды: 2025 жылдың 1 желтоқсанында шығады.
Қатысу шарттары:
- Медициналық тақырып (диагностика, симптомдар, қателер және т.б.)
- Формат: 2 минутқа дейін, вертикалды (тігінен) видео.
- Видеоны telegram арқылы 8-775-937-25-53 нөміріне жіберу керек.
- Міндетті түрде команданың аты көрсетілуі тиіс.
Номинациялар:
1. Үздік идея
2. Креативтілік
3. Үздік командалық жұмыс
4. Көрермендер таңдауы
5. Ерекше тәсіл
Бағалау критерийлері: дәлдік, креативтілік, этика, сапа, тартымдылық.
Ережелер:
1. Медициналық тақырыптағы бейнеролик (2 минутқа дейін).
2. Костюмдер, реквизиттер, симуляторларды қолдануға болады.
3. Бейнені ұйымдастыру комитетінің поштасына жіберіңіз.
Марапаттау:
- Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. (Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы атынан)
- Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
- Үздік жұмыстар университеттің ресми парақшаларында жарияланады.