Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын алуға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушы үшін өтінімдер Министрліктің https://scicontest2024.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта хабарландыру шыққан күннен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде қабылданады.
Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктері келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
1) Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреженің болуы;
2) уәкілетті органмен берілген ғылыми атағының болуы;
3) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;
4) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелердің болуы және сапасы (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.);
5) таңдаулы ғылыми бағыт бойынша беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жетекші шетелдік ғалымдармен бірлескен авторлықпен мақалалардың болуы;
6) соңғы жылы ЖЖОКБҰ-да кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқыту;
7) философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау;
8) өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;
9) ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және әсерін арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/880138?lang=kk