2026-2028 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді ЖОО ішілік гранттық қаржыландыруға байқауыy өткізу туралы алдын-ала хабарлама

2026-2028 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді ЖОО ішілік гранттық қаржыландыруға байқауыy өткізу туралы алдын-ала хабарлама

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, (бұдан әрі – «ҚМУ» КеАҚ) «ҚМУ» КеАҚ қызметкерлерінің ғылыми әлеуетін арттыру, профессорлық-оқытушылық құрамның, ғылыми қызметкерлер мен білім алушылардың жарияланымдық белсенділігін арттыру, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, жаңа әлеуеті мол ғылыми бағыттарды қолдау және дамыту мақсатында 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді ЖОО ішілік гранттық қаржыландыруға байқау өткізу туралы хабарлайды.
2026–2028 жылдарға арналған қаржыландырудың жалпы көлемі 120 000 000 теңгені құрайды, оның ішінде басым бағыттар бойынша:
1. «ҚМУ» КеАҚ клиникасын басқару моделін әзірлеу және бағалау – 9 000 000 теңге, оның ішінде жылдар бойынша:
2026 жылға – 3 000 000 теңге,
2027 жылға – 3 000 000 теңге,
2028 жылға – 3 000 000 теңге.

2. Білім беру және медицина салаларында жасанды интеллектті пайдалану – 15 000 000 теңге, оның ішінде жылдар бойынша:
2026 жылға – 5 000 000 теңге,
2027 жылға – 5 000 000 теңге,
2028 жылға – 5 000 000 теңге.

3. Қатерлі ісіктерді емдеудегі жаңа терапиялық нысандар – 24 000 000 теңге, оның ішінде жылдар бойынша:
2026 жылға – 8 000 000 теңге,
2027 жылға – 8 000 000 теңге,
2028 жылға – 8 000 000 теңге.

4. Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы басым бағыттарға сәйкес басқа да бағыттар – 72 000 000 теңге, оның ішінде жылдар бойынша:
2026 жылға – 24 000 000 теңге, бірақ бір жобаны іске асыруға 8 000 000 теңгеден аспау керек,
2027 жылға – 24 000 000 теңге, бірақ бір жобаны іске асыруға 8 000 000 теңгеден аспау керек,
2028 жылға – 24 000 000 теңге, бірақ бір жобаны іске асыруға 8 000 000 теңгеден аспау керек.

Конкурсқа өтінімдер Конкурстың жариялануынан кейін қабылданады. Өтінімдер көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей жіберілуі тиіс. Хабарландыру «ҚМУ» КеАҚ ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде орналастырылады.

Барлық сұрақтар бойынша мына байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады:
1.    Ғылыми жұмыс жөнінде Проректор: Гоголь көшесі, 40, каб. 219, тел.: 8 (7212) 50-39-30 (ішкі 1607);
2.    Өмір туралы ғылым институты Директоры: Гоголь көшесі, 40/6, каб. 361, тел.: 8 (7212) 50-39-30 (ішкі 1828).
3.    Ғылыми жұмыс бөлімі: Гоголь көшесі, 40/6, каб. 360, тел.: 8 (7212) 50-39-30 (ішкі 1615, 1436).