2025–2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 2 курсынан бастап білім алушылар үшін «ҚМУ» КеАҚ жатақханаларында орындарды бөлу туралы ақпарат ұсынылады

Құрметті «Қарағанды медицина университеті» білім алушылары!

2025–2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 2 курсынан бастап білім алушылар үшін «ҚМУ» КеАҚ жатақханаларында орындарды бөлу туралы ақпарат ұсынылады.

Жатақханаларға орындарды бөлу https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200031540 «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жатақханаларында орындарды бөлу қағидалары» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №219 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Төменде «Жатақхана» модуліндегі жеке кабинетте Platonus ААЖ жүйесі арқылы санаттар бойынша жатақханаларға өтініш беру мерзімдері берілген:

 

Өтініш беру мерзімі

Жеңілдікті санаттың атауы

 

 

 

 

 

 

 

2025 жылдың

15 шілде – 31 шілде

1 - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;

2 - үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар адамдар, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адамдар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, білім беру бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы адамдар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын бағдарламаларға, сондай-ақ қандастарға;

3 - "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" жоба бойынша білім алушылары ("Серпін – 2050");

5 - мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған, Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша жоғары балл алған білім алушылар.

Жоғары ҰБТ ұпай ≥ 120 ұпай.

6 – оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелері бар жоғары курс білім алушылары

2025 жылдың

1 – 10 тамыз

Жатақханаға орын бөлуге бұйрықты қалыптастыру және бекіту.

2025 жылдың

11 – 24 тамыз

4 - талапкерлер

2025 жылдың

25 - 31 тамыз

7 - ЖЖОКБҰ-ның өзге де білім алушылары

 

Білім алушыларды әлеуметтік қолдау ретінде университет айқындаған басым тәртіп:

-          жатақханаға орын бөлу сәтінде кәмелетке толмағандар болып табылатын білім алушылар;

-          бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардан білім алушылар,

-          шетелдік білім алушылар;

-          ата-анасы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер болып табылатын білім алушылар;

-          көпбалалы отбасылардан білім алушылар, отбасында орын бөлу сәтінде білім алатын 4 кәмелетке толмаған немесе кәмелетке толған болуы тиіс (оқу орнынан анықтама қоса берілсін)

-     жеңілдіксіз өзге де білім алушылар

2025 жылдың

1 – 14 қыркүйек

Жатақханаға орын бөлуге бұйрықты қалыптастыру және бекіту.

2025 жылдың

15 қыркүйек

7 – ЖЖОКБҰ-ның өзге де білім алушылары - жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылар және спутниктік қалаларда тұратын білім алушылар

2025 жылдың

25 – 31 тамыз

Жатақханаға орналасу

 

Назар аударыңыз!

 

!!! Өтініш белгіленген мерзімде жеңілдікті санатқа сәйкес берілуі керек. Уақтылы берілмеген жағдайда өтініш жалпы негіздерде қаралатын болады.

 

!!! Өтінішті белгіленген мерзімде тапсыруды және жеңілдікті санатқа жататынын растайтын барлық қажетті құжаттарды қоса беруді және өтініштің мәртебесін бақылауды сұраймыз.

 

!!! Жатақханаға орналасуға өтініш берген кезде жатақхананы таңдау мүмкіндігі беріледі.

 

!!! Жоғары курс студенттеріне келесі жатақханаларда орын беріледі: №2, №5, №6, №7.

 

Жатақхананың СӨБК және ЕСЖ бекітілген жатақханаларға өтініш береді. СӨБК және ЕСЖ үшін жатақханаға орналасу - 23 тамыз.

 

!!! Өтініш берген кезде жатақханада тұру үшін төлем туралы түбіртекті тіркеу қажет. 10 айлық тұру үшін төлем, сондай-ақ сіз таңдаған жатақхананың бір айындағы тұру құнына тең кепілдік жарнасы қажет.

 

!!! Жатақханадан шығарылған кезде "Жатақханада орын беру туралы" шартта баяндалған барлық шарттар толық сақталған кезде түбіртек пен өтініш негізінде кепілдік жарнаны қайтару жүзеге асырылады.

 

!!! 2025 – 2026 жылдары «ҚМУ» КеАҚ жатақханаларында 1 ай тұру құны:

№1 жатақхана – 40 000 теңге

№2 жатақхана – 30 000 теңге

№3 жатақхана – 35 000 теңге

№4 жатақхана – 30 000 теңге

№5 жатақхана – 45 000 теңге

№6 жатақхана – 35 000 теңге

№7 жатақхана – 30 000 теңге

 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда деканат қызметкерлеріне хабарласуыңызды сұраймыз.