«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдарды көтермелеу, сондай-ақ жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында Ғылым қызметкерлері күніне және Қарағанды медицина университетінің 75 жылдығына орайластырылған «2024 жылдың «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Үздік ғылыми қызметкері» байқауын өткізді.
«Үздік ғалым» және «Үздік жас ғалым» номинациялары бойынша байқауға қатысуға ғылыммен белсенді айналысатын «ҚМУ» КеАҚ штаттық қызметкерлері шақырылды
Конкурсқа барлығы 13 өтінім, «Үздік ғалым» номинациясы бойынша – 4 өтінім және «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша – 9 өтінім түсті.
Жыл сайынғы «ҚМУ» КеАҚ Үздік ғылыми қызметкері» байқауын ұйымдастыру және өткізу туралы Ережеге сәйкес (2025 жылғы 20 қаңтардағы «ҚМУ» КеАҚ Сенаты шешімімен бекітілді), Конкурстық комиссия («ҚМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасының-Ректорының м. а. 2025 жылғы «31» наурыздағы № 136 бұйрығымен бекітілген) және Апелляциялық комиссия («ҚМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасының-Ректорының м. а. 2025 жылғы «31» наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген) құрылды.
2025 жылғы 2 сәуірде Конкурстық комиссияның отырысы өтті, онда әрбір үміткердің Жыл сайынғы «ҚМУ» КеАҚ Үздік ғылыми қызметкері» байқауын ұйымдастыру және өткізу туралы Ережеге сәйкес ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштеріне сәйкестігін растайтын ұсынылған материалдар мен құжаттар қаралды. Отырыс аяқталғаннан кейін ұсынылған растаушы материалдар мен құжаттардың ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштерінің таңдалған өлшемшарттарына сәйкестігін тексеру нәтижелері әрбір үміткердің корпоративтік поштасына жіберілді.
2025 жылғы 3-7 сәуір аралығында әрбір үміткердің Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда Апелляциялық комиссияға өтініш беру мүмкіндігі болды. Апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 2 өтініш келіп түсті. 2025 жылғы 8 сәуірде Апелляциялық комиссия мүшелері Жыл сайынғы «ҚМУ» КеАҚ Үздік ғылыми қызметкері» байқауын ұйымдастыру және өткізу туралы Ережеге сәйкес барлық өтініштерді алқалы түрде қарады. Отырыс соңында өтініштерді қарау нәтижелері үміткерлердің корпоративтік пошталарына жіберілді.
«2024 жылдың «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Үздік ғылыми қызметкері» байқауына үміткерлердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштерінің қорытынды балдары бойынша сараланған тізім
| № | Үміткердің Т.А.Ә. | Конкурстық комиссияның шешімі бойынша | Апелляциялық комиссияның шешімі бойынша |
|---|---|---|---|
| «ҮЗДІК ҒАЛЫМ» номинациясы бойынша | |||
| 1. | Атажанова Гаяне Абдулкахимовна | 174 ұпай | - |
| 2. | Ахметова Сауле Балтабаевна | 113,6 ұпай | - |
| 3. | Киспаева Токжан Тохтаровна | 73,5 ұпай | 90 ұпай |
| 4. | Тулеубаев Берик Еркебуланович | 53 ұпай | - |
| «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ» номинациясы бойынша | |||
| 1. | Кадырова Ирина Адильевна | 106 ұпай | - |
| 2. | Левая Яна Константиновна | 101 ұпай | - |
| 3. | Огизбаева Алина Виталиевна | 68,2 ұпай | - |
| 4. | Нукештаева Карина Ерлановна | 58,1 ұпай | 68,1 балл |
| 5. | Ердесов Нурбек Жаркинович | 58,3 ұпай | - |
| 6. | Бадекова Каракоз Жаиловна | 49 ұпай | - |
| 7. | Болатова Жанерке Ерлановна | 43 ұпай | - |
| 8. | Кошанова Амина Амантайқызы | 21,1 ұпай | - |
| 9. | Измайлович Марина Рашидовна | 17,2 ұпай | - |
Жеңімпаздар Сенаттың келесі отырысында марапатталады.