Құрметті жас ғалымдар!

Құрметті жас ғалымдар!

Сіздерді 2026 жылғы 17 сәуірде «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-ның ұйымдастыруымен өтетін, Қазақстанның Ғылым қызметкерлері күніне арналған жас ғалымдардың «Медицина ғылымы мен білім берудегі инновациялық тәсілдер» атты ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз.
Жас ғалымдар конференциясы жас зерттеушілер мен білім алушыларды қолдауға бағытталған және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынуға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ қазіргі заманғы медицина мен биологияның өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін алаң болып табылады.

Конференцияның негізгі бағыттары:
1. Биохимия, молекулалық биология және зертханалық диагностика
2. Ішкі аурулар
3. Иммунология және аллергология
4. Қоршаған ортаны қорғау және адам экологиясы
5. Микробиология және вирусология
6. Жұқпалы аурулар және дерматовенерология
7. Морфология және патоморфология
8. Физиология және патофизиология
9. Акушерлік іс және гинекология
10. Онкология
11. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру
12. Білім беру мен медицинадағы ақпараттық ғылымдар
13. Гигиена және эпидемиология
14. Психиатрия, психология және неврология
15. Стоматология
16. Мейіргер ісі
17. Фармакология, фармация, фармацевтикалық өндіріс технологиясы
18. Хирургия, анестезиология, реанимация және травматология
19. Урология
20. Оториноларингология және офтальмология

Конференция өтетін тілдер: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Конференцияны өткізу форматы: бетпе-бет (оффлайн).
Конференцияның өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Гоголь көш. 40, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ.

Конференцияға қатысуға барлық деңгейдегі жас ғалымдар мен білім алушылар шақырылады (бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура, докторантура).

Конференция қатысушыларына Сертификаттар беріледі.

Конференция жұмысына қатысу үшін 2026 жылдың 6 наурызына дейін (қоса алғанда) ұйымдастырушы комитеттің электрондық мекенжайына conference.kmu@gmail.com мынадай материалдарды жіберу қажет (құжаттарды БІР бумамен, бірінші автордың тегі бойынша атау қажет):
1. конференцияға қатысуға өтінім (Қосымша 1 сәйкес);
2. баяндама (*.ppt және (немесе) *.pptx форматында).

Конференция аясында үздік ауызша баяндама мен постерлік баяндамаға байқау өткізіліп, жеңімпаздар дипломдармен марапатталады. Сонымен қатар, жеңімпаздар 2026 жылдың ішінде «Медицина және экология» журналында өз мақалаларын тегін жариялай алады.

Маңызды күндер:

- 06.03.2026 дейін – өтінімдер мен баяндамаларды қабылдау аяқталады;
- 20.03.2026 дейін – баяндамалар ауызша және постерлік сессияларға іріктеледі;
- 28.03.2026 дейін – баяндамалардың соңғы нұсқалары қабылдау жайлы хабарлау.

- Мерзімінде жіберілмеген баяндамалар конференция бағдарламасынан алынып тасталады!

Конференцияны ұйымдастыру комитетімен байланыс:
«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 40/6, 360-кабинет. Байланыс телефоны: 8(7212)50-39-30 (ішкі. 1435), электрондық мекенжайы: conference.kmu@gmail.com.


Қосымша 1

Конференцияға қатысу өтінімі

Аты-жөні (толықтай)

 

Мемлекеттік тілде

 

Орыс тілінде

 

Ағылшын тілінде

 

Баяндаманың атауы

 

Ғылыми жетекшіні/кеңесшінің Т.А.Ә.

 

Ғылыми жетекшінің/кеңесшінің ғылыми дәрежесі

 

Статус (студент, магистрант, докторант, интерн, резидент)

 

Курс, білім беру бағдарламасы

 

Телефон (whatsapp)

 

Электрондық мекенжай