Құрметті білім алушылар!

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге бағытталған Ai Sana ұлттық жобасы жүзеге асырылуда.
Осы жоба аясында бірінші кезеңде әрбір студент міндетті түрде мына сілтеме бойынша жасанды интеллект бойынша базалық курстан өтуі тиіс: https://astanahub.com/ru/l/aicoursechatGPT.
Аталған курстан өту өте маңызды әрі міндетті. Бұл сіздің алған біліміңіз университетке пәндердің мазмұнын жасанды интеллект элементтерімен толықтыруға және жаңартуға мүмкіндік береді.
15.09.2025 дейін курсты аяқтағаныңызды растайтын сертификатты деканат маманына тапсыру қажет.
Егер сіз курсқа бұған дейін қатысып қойған болсаңыз, сертификатты тапсырып қойғаныңызға көз жеткізіңіз.